1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
19 сәуір 2016

Жуырда Мәскеудiң Басманн көшесiнде биiктiгi үш метрлiк ескерткiш пайда болды. Ол – ЛДПР партиясының көшбасшысы Владимир Жириновскийге арнап қойылған мүсiн. Мұны Жириновскийдiң өзi “саяси қызметiме жасалған құрмет” деп бағалапты. Ал оның агрессорлық пиғылынан жиренетiн жұрт ескерткiштi айғайшыға қойылған айғайтасқа көбiрек ұқсатады.

12 сәуір 2016
Қырғызстан үкiмет басшысы отставкаға кеттi

Қырғызстан премьер-министрi Темiр Сариевтiң қызметiнен кетуiне Ыстықкөл облысындағы Балықшы-Корумды тас жолын қалпына келтiру төңiрегiндегi дау-дамай себеп болған көрiнедi. Кеше ол Бiшкекте өткен үкiметтiң кезектен тыс отырысында отставкаға кететiнiн ресми түрде мәлiмдедi.

12 сәуір 2016

“Эхо Москвы” радиосының хабарлауынша, өткен аптада Саратов облысындағы Балаково қаласы тұрғынының Ресей президентi Владимир Путиндi сотқа берген. Саратов облыстық сотына түсiрген шағымында арыз берушi Николай Суворов бұған Путиннiң “халық жауы, олигархтар мен шенеу­нiк­тердiң досы болғаны, Ре­­сейдi тонағаны мен Ресей халқын қайыршы қылғаны,  мил­­­ли­ардер-тонаушыларды байыт­­­қаны” себеп болғанын жазған.

7 сәуір 2016
Таулы Қарабақтағы қақтығыс үлкен соғысқа ұласпаса керек
Әзiрбайжан мен Армения 5 сәуiрде Таулы Қарабақ бойынша бiтiмге кел­ген­­дерiн жариялады. Екi елдiң қорғаныс министрлiгi даулы аймақтағы шекара сызығында оқ атуды тоқтатуға бұйрық бергендерiн мәлiмдедi. Алайда мұны жауласқан тараптардың уақытша тыныстауы деп қарастырған жөн. Бiтiм туралы жарияланған күннiң ертеңiнде-ақ, Баку армяндардың бiтiм туралы уағдаластықты 115 рет бұзғанын мәлiмдедi.
29 наурыз 2016

Жамбыл облысы аумағындағы әскери бөлiмдер өткен жексенбiде дүрк көтерiлдi. Қорғаныс министрi Иманғали Тасмағамбетов жедел түрде Әулиета жерiне келiп, әскерилердi кенеттен сынақтан өткiздi. Министр Құлан ауылындағы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы, Тараз қаласындағы әскери бөлiмдерiнде және “Терiс-Ашыбұлақ” полигонында болып, осындағы сарбаздардың жауынгерлiк әзiрлiгi мен қабiлетiн тексерген. Түнгi сағат бiрде. Түн ортасында Тасмағамбетовтi не түлен түртiп жүр?

25 наурыз 2016
Тоқсан жылдан кейiн

АҚШ президентi Барак Обаманың Кубаға екi күндiк сапары жөнiнде әлем газеттерi жазудай-ақ жазып жатыр. Бiр-бiрiнiң шекарасынан 90 жыл бойы тiрi тышқан өткiзбеуге тырысқан екi елдiң ендi келiп жүздесiп жатуы, кездесiп жатуы, әрине, кiм-кiмнiң де қызығушылығын тудыратыны анық.

25 наурыз 2016

Украиналық ұшқыш Надежда Савченконы Ресейдiң Ростов облысындағы Донецк қалалық соты 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кестi. Сот оны ресейлiк мемлекеттiк теле-радиокомпанияның журналис­терi Игорь Корнелюк пен Антон Волошиннiң қазасына қатысы бар деп тапты. Әу бастан айыптауға бағыт алған ресейлiк соттың басқа үкiм шығаратынына ешкiмнiң күмәнi болған жоқ.

15 наурыз 2016
ОҚ-ДӘРI ЖАСАЙМЫЗ ДА САТАМЫЗ
Кеше Қарағанды қаласындағы “Сарырқа” арнайы экономикалық аймағында қазақстандық алғашқы патрон зауыты құрылысының басталуына арналған рәсiм өттi. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Жыл сайын 30 млн. патрон шығаруға қуаты жететiн бұл жаңа өндiрiс орны елiмiздi оқ-дәрi жеткiзушi мемлекеттерге тәуелдiлiктен арылтады деген үмiт бар.
10 наурыз 2016
«Савченко тiзiмiнде» Путиннiң есiмi бар

Ресей Украинаның Қырым түбегiн аннексиялап алғалы берi Батыс пен Кремль бiр-бiрiне қарсы санкциялар қолданса да, тiкелей мемлекет басшыларының жеке басына қатысты санкциялар салынбады. Негiзiнен тауарлардың тасымалына, банктер мен қаржы институттарының қызметiне тыйым салу, кейбiр сала өнiмдерiн тежеумен шектелген санкцияларға таяуда Путин мен

1 наурыз 2016
Ресей сенбi күнi осыдан бiр жыл бұрын Кремль маңындағы үлкен Москворец көпiрiнде кiсi қолынан қаза тапқан оппозициялық саясаткер, “ПАРНАС” партиясы жетекшiлерiнiң бiрi Борис Немцовты еске алды. Мәскеудегi еске алу шеруiне 24 мың адам қатысты. Еске алу шаралары Ресейдiң өзге қалалары мен Берлин, Париж, Нью-Йорк, Прагада да өттi. Осыдан тура бiр жыл бұрын
16 ақпан 2016

Түркияның әуе күштерi Сирияның солтүстiгiн­дегi күрдтердiң “Халықтың өзiн-өзi қорғау күшiн” әуеден атқылады. Анкара осылайша Алеп­по­дағы бейбiт тұрғындарды Ресей, Сирияның үкiмет әскерi және сириялық күрдтердiң басқыншылығы мен езгiсiнен қорғамақ. Ал АҚШ президентi Барак Обама мен Ресей президентi Владимир Путин Сирия мәселесi бойынша телефон арқылы әңгiме­лестi. Бiрақ Ақ үй мен Кремльдiң әрқайсысы телефон әңгiмесiнiң мазмұнын әртүрлi баяндайды.

11 ақпан 2016
Өткен аптада Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы Қазақстанға жасаған ресми сапарының ізін ала Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Кремльдің ресми сайтының мәліметіне қарағанда, телефон арқылы әңгімеге ниет білдіріп, бастамашы болған – Қазақстан тарапы. Осыған қарағанда, Ахмет Дәуітоғлы­мен кездескен Н.Назарбаев Түркия мен Ресей қарым-қатынасын реттеуге
29 желтоқсан 2015

Ресейдiң әскери ұшағын Түркияның атып түсiруiнен басталған жанжал күн өткен сайын шиеленiсiп барады. Ер мiнездi Ердоған алған бетiнен қайтпайтынын бiлдiрдi. Бұған дейiн өзгеге тiзе батырса да, маңдайы тасқа тиiп көрмеген, бiрақ әлемнен жырылып, iшiне қыжыл бiткен Путин де өлiспей-берiспеске бекiнген сыңайлы. Ақпараттық соғыс экономикалық майданға ұласты. Екi оттың ортасында қалғандай күй кешiп отырған елдер аз емес

29 желтоқсан 2015
Лаңкестiк сабақтары

Францияның астанасындағы террорлық шабуыл Еуропа үшiн тарих қойнауына кетiп бара жатқан жылдың жантүршiктiрер оқиғасы болғаны сөзсiз. Әлемдiк держава басшыларының бәрi француз халқына көңiл айтты, футболдан Франция құрамасы Англия құрамасымен ойнағанда ағылшындар “Марсельезаны” шырқады. Еуропа мәдениетiнде Париж әлдеқашан бөлекше құбылыс, субмәдениет ретiнде қабылданады.

10 желтоқсан 2015
Әзiрбайжандар қатты алаңдап отыр

Жақында дүниежүзiлiк ирандардың “Ахли Бейт” атты ұйымының төрағасы, аятолла Хасан Ахтари Арменияның дiнбасы, каталикос Екiншi Гарегиннiң шақыруымен Ереванда болып қайтты. Ереван университе­тiнiң студенттерi­мен кездесу кезiн­де аятолла Ахтари “парсылар мен армяндар – туыс халықтар” дедi. Ал Ереван университетiнiң ректоры Арам Симонян бұдан да асып түстi. Ол

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»