1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
1 желтоқсан 2015
Түрiкменстан президентi Гурбангулы Бердымұха­медовтiң әнi мен сөзiне жазылған “Алға, алға, тек қана алға, сүйiктi отаным – Түрiкменстаным” атты әндi концерт кезiнде төрт мыңнан астам адам орындады. Сөйтiп, бұл ән Гиннестер рекордтар кiтабына ендi. Түрiкменбашының бұл әнi Түрiк мәдениетi халықаралық ұйымының биылғы жылға белгiленген астанасы Мары қаласында өткен концерт кезiнде шырқалған.
24 қараша 2015
Кипрдегi базасын пайдалануға бердi
Францияға ресми iссапармен барған Ұлыбритания премьер-министрi Дэвид Кэмерон “Ислам мемлекетi” лаңкестiк ұйымына қарсы бiрiгiп күресемiз деген келiсiмге келдi. “Бiз “Ислам мемлекетiнiң” нысандарына жасалатын соққыларды күшейтемiз. Жерорта теңiзiнiң шығыс ауданына “Шарль де Голль” iрi соғыс кемесi келiп жеттi”, – дедi Франция президентi.
10 қараша 2015
The Sunday Times газетi­нiң жазуынша, Египеттiң кө­гiнде жарылып кеткен ре­сейлiк А321 жолаушылар ұшағын кiм жарып жiберге­нiн британдық барлау қыз­метi бiледi. Британ үкiметiндегi се­нiмдi ақпарат көзiне сiлтеме жасаған басылым былай деп жазды: “Барлау қызметiнiң басшысы 224 жолаушы мiнген ұшақтың әуеде жарылып кеткенiне сенiмдi”.
3 қараша 2015
Қазанның 31-i күнi Ресейдiң “Қоғалымавиа” әуе компаниясының А321 жолаушылар ұшағы Мысыр көгiнде апатқа ұшырады. Ұшақ бортындағы 224 адамның бәрi көз жұмды. Апатқа қатысты сарапшылар түрлi болжам айтуда. Коммерсант басылымының жазуынша, әлдебiр күштi жарылыстың салдарынан ұшақ әуеде бөлшек­тенiп, жерге шашылып түскен. Бiрнеше шақырым аумаққа шашыраған ұшақ бөлшектерi осыны айғақтайды.
20 қазан 2015
Ресей қорғаныс министрлiгiнiң мәлiмдеуiнше, 18 қазан күнi Ресей әскери ұшақтары 39 рет ұшып шығып, “Ислам мемлекетi” экстремистiк тобының майдан шебiне 51 шабуыл жасаған. Мұны Азаттық радиосы хабарлады. Министрлiк Ресей әскери ұшақтары “Хама, Латакия және Дамаск пен Алеппо маңындағы аудандарды нысанаға алғанын” хабарлады. 
15 қазан 2015
Сейсенбi күнi Нидерландының қауiпсiздiк кеңесi 2014 жылдың 17 шiлдесiнде Украинаның шығысында атып түсiрiлген Малайзияның “Боинг” ұшағының апаты жөнiндегi зерттеуiн жария еттi. Голландиялық мамандар ұшақ “Бук” кешенiнен атылған зымыранның оқтұмсығы тигендiктен, апатқа ұшырады деген қорытындыға келген. Бұл баяндама “апатқа кiм кiнәлi?” деген сұраққа жауап бермейдi. Кiнәлiнi анықтайтын тергеу жылдың аяғына дейiн өз нәтижесiн жария етедi.
8 қазан 2015
Голландиялық NOS басылымының жазуынша, былтырғы жылы Донецк түбiнде құлаған Малайзияның “Боинг-777” ұшағы жолаушыларының мәйiттерiнен “Бук” зымыранының жарықшақтары табылған. NOS мұны Украинаның қауiпсiздiк кеңесi зерттеу бөлiмiнiң басшысы Василий Вовкаға сүйенiп жазып отыр. В.Вовка апаттың себептерiн анықтау жөнiндегi халықаралық тергеушiлер тобына кiрген.
29 қыркүйек 2015
«Донбасстағы соғысқа күн сайын 5 миллион доллар жұмсап жатырмыз» (видео)

Украина президентi Петр Порошенконың БҰҰ бас ассамблеясында сөйлеген сөзi өтiмдi әрi бiреулердiң жанды жерiне тиетiндей өткiр шықты. Оның сөзi шымбайына қатты бататынын сезген “әлгiбiреулер” Украина басшысы сөйлеген тұста шыдай алмай залдан шығып кеттi. Бұл “бiреулер” – Виталий Чуркин бастаған ресейлiк дегегация өкiлдерi. Мұнысын ресейлiк дипломаттар “Порошенконың тым ашық саясиландырылған мәлiмдеме­лерiне қарсылық бiлдiру” деп бағалапты.

4 тамыз 2015
Жоғалған ұшақтың құпиясы ашылуға жақын
2014 жылдың 8 наурызына қараған түнi Куала-Лумпурдан Бейжiңге бет алған Малайзияның “Боинг-777” ұшағы iз-түзсiз жоғалып, сол кезден берi оның бiрде-бiр қалдығы табылмаған едi. Құдды бiр жер жұтып қойғандай жоқ болған MH370 рейсiнiң құпиясы ашылуға шақ қалғандай. Олай дейтiнiмiз, Үндi мұхитындағы Реюньон аралынан табылған ұшақтың есiгi мен қанатына ұқсас қалдықтар малайзиялық “Боинг-777-ге” тиесiлi болуы бек мүмкiн.
14 шілде 2015
Армяндар не үшiн бас көтердi?
Армяндардың таяуда Еревандағы бас көтеруiн бiреулер “екiншi Майдан” десе, ендi бiреулер “түрлi-түстi революцияның тағы бiр түрi” деп тауып, танып отыр. Ал шын мәнiнде, армяндар неге бас көтердi? Бұл бас көтерудi, бiр сөзбен айтқанда, “Ресейге қарсылық” деп айтуға әбден болады. Иә, иә, Ресейге қарсылық. Ресейдiң саяси қысымына қарсылық. Бұған армяндардың Баграмян алаңындағы бас көтеруде айтқан наразылықтары толық куә бола алады.
25 маусым 2015
Янукович: Елден кетпесем, бүкiл Украина отқа оранар едi
2014 жылдың ақпанында Ресейге қашып кеткен Украинаның бұрынғы президентi Виктор Янукович «Би-Би-Си»-ге сұхбат бердi. Бұл – оның Ресейдi паналағаннан берi шетелдiк журналистермен алғаш рет тiлдесуi. Сұхбат Украина жоғарғы радасының Януковичтi бұрынғы президент атағынан айыру жөнiндегi заңның күшiне енуiмен тұспа-тұс келдi. В.Януковичке Украинада Май­­дандағы халықты жаппай қыруға қатысы бар деген айып тағылған.
16 маусым 2015
Тбилиси қасiретi Қызылағаш оқиғасын еске салды

Тбилиси халқы тосыннан келген апаттан әлi есiн жия алмай жатыр. Шағын ғана, тiптi қаланың интернет-картасына да енбеген Вере өзенi 3-4 сағат шелектеп төккен жаңбыр мен бұршақтан арнасынан асып, жолындағының бәрiн жайпап өттi. 13 адам ажал құшқан, iз-түзсiз кеткендердiң саны 30-ға жуық. Қазiр апат салдарын жою жұмыстары белсендi жүргiзiлуде. Мемлекет басшысынан бастап, шендiлердiң бәрi сонда жүр.

2 маусым 2015
Өткен аптада ТМД-ға мүше мемлекеттер премьер-министрлерiнiң кездесуiне қатысқан Н.Назарбаев қонақтарды Бурабайда бiрер күн жатып казино ойнауға шақырды. Бұл ендi қазақтың қонақжай дәстүрiне лайық ұсыныс. Тай сойып, табақ-табақ ет тартқаныңмен, оның қадiрiн қырғыз бен түрiкмен үкiмет басшылары ғана түсiнуi мүмкiн. Доңыздың басын сүйсiнiп мүжитiн кейбiр премьерлерге жылқының жамбасын тартып, таңғалдыра алмайсыз.
2 маусым 2015

 Өткен апта соңында Грузияның бұрынғы президентi Михаил Саакашвили Украинаның Одесса облысының губернаторы болып тағайындалды. М.Саакашвилидi Одесса облысына Украина президентi Петр Порошенконың өзi апарып таныстырды. М.Саакашвилидi Одесса облысына губернатор етiп тағайындауды үкiметтiң өзi ұсынған. Сенбi күнi Грузияның экс-президентiне Ук­раи­на азаматтығы берiлдi. Сол күнi түстен кейiн оның Одесса облысын басқаратыны белгiлi болды.

19 мамыр 2015
Порошенко: НКВД-ның гестаподан қай жерi артық?

Бұрынғы кеңестiк елдердiң кейбiрi бүгiнде өткен тарихын қайта қарап, ескi мұрадан арылу, тазару, жаңару дәуiрiн бастан кешiрiп жатыр. Украина – сондай елдердiң бiрi екенi анық. Бұрнағы күнi сол елдiң президентi Петр Порошенко мен премьер-министр Арсений Яценюк бастаған үкiмет мүшелерi саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiнде “Быковнянск зираты” ұлттық тарихи-мемориалды ескерткiшiне барып, тәу еттi.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»