1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
13 мамыр 2015
Сақтансаң ғана сақтайды

Украинаның Ресейдi “агрессорел”, “зорлықшы ел” деп танып, оны Жоғарғы раданың (парламент) арнайы қаулысымен бекiткенi де мәлiм. Бұдан кейiн президенттiң жарлығымен “Украинаға әскери жағдайдың енгiзiлгенi” де белгiлi. Жақында Украина президентi Петр Порошенко Жоғарғы радаға тағы бiр заң жобасын ұсынды. “Әскери жағдай кезiндегi құқық тәртiбi туралы” деп аталатын бұл заң жобасында “Украинаға қар­сы агрессия жүргiзiп, шабуыл қаупiн туындатып жатқан елдiң азаматтарын

13 мамыр 2015
«Путин. Соғыс»: Өтiрiктiң құйрығы бiр-ақ тұтам

Биылғы жылдың ақпан айының соңында оппозициялық сая­саткер Борис Немцов Мәскеуде тапсырыспен өлтiрiлдi. Көзi тiрiсiнде Немцовтың Ресей президентi Владимир Путиннiң қылмысын әшкерелейтiн баяндама дайындап жатқаны айтыл­ған. Өкiнiшке қарай, баяндаманы өзi аяқтай алмады. “Путин. Соғыс” деп аталатын еңбектi Б.Немцовтың саясаттағы әрiп­тестерi қорытып, кеше жария еттi. Баяндаманы дайындауға бұрынғы вице-премьер Алфред Кох, журналистер Айдер Муждабаев, Олег Кашин, ПАРНАС (Ұлттық бостандық партиясы – Е.Р.) саяси кеңесiнiң мүшелерi Илья Яшин мен Леонид Мартынюк және партияның атқарушы директоры Ольга Шорина атсалысқан.

17 ақпан 2015
Келiсiм күшiне енсе де, атыс тоқтамады

Өткен аптада Минскiде 16 сағатқа созылғ­ан келiссөздерден кейiн жасасқан қақтығысты тоқтату жөнiндегi келiсiм күшiне ене салысымен бұзылды. Уағдаластық күшiне енбестен ресейшiл серапатистер Дебальцевоның Минск келiсiмдерiне қатысы жоқтығын алға тартып, онда қақтығыс жалғаса беретiнiн мәлiм еткен. Киев сепаратистiк күштердiң үкiмет әскерiне қарата оқ жаудырып жатқанын хабарлады.

5 ақпан 2015

Шығыс Украинаның Дебальцево қаласының маңында кескiлескен ұрыс жүрiп жатыр. Қаланың бейбiт тұрғындары от пен оқтың астында қалды. Кеше Еуропаның қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазiргi төрағасы – Сербия сыртқы iстер министрi Ивица Дачич ресейшiл сепаратистер мен Украинаның үкiметтiк әскерiн бiтiмге келiп, кем дегенде үш күн оқ атпауға шақырды.

20 қаңтар 2015

Өткен аптада Волноваха түбiнде болған қайғылы оқиға 12 адамның өмiрiн жалмады. Қаңтардың 13-i күнi жолаушылар автобусына артиллерия снаряды тиген едi. Iле-шала зерттеу жүргiзген Украинаның қауiпсiздiк қызметi бейбiт адамдарға “Град” кешенiнен оқ жаудырылғанын жария еткен. Қауiпсiздiк қызметi бұған сепаратистердi кiнәлады. Сепаратистердiң уәжi белгiлi, бар айыпты үкiмет әскерiне аудара салды.

9 қыркүйек 2014

Кремль өзiнiң Донецкi мен Луганскiдегi сепаратистерге жәрдемдесiп жатқанын, жәрдемдескенде де жанталаса жәрдемдесiп жатқанын әлем жұртшылығынан жасырып-ақ бағуда. Бiрақ өтiрiк өрге басушы ма едi, Кремльдiң Донецкi мен Луганскiге қалай әскер жiберiп жатқанын және оны қандай қитұрқы жолдармен жiберiп жатқанын “Новая газета” ақыры жазды да (№35,2014 жыл).

12 тамыз 2014
Израильдiң Палестина халқына жасаған геноцидi

Израиль армиясының Палес­тина халқына жасап отырған зорлықты күшi күн өткен сайын қанды қырғынға ұласуда. Палес­тинаның Газа секторына (облысына) әскери операция бастағанына 1 айдан асты. Еврей мемлекетiнiң әскерi соңғы үл­гiдегi соғыс техникаларын қолдана отырып, Палестина территориясындағы қала, елдi мекен­дердi аяусыз атқылауда.

12 тамыз 2014

Әзiрбайжан мен Арменияның арасындағы жер дауы 1988 жылы басталған едi. Мiне, сол Таулы Қарабақтың дауы әлi сағыздай созылып келедi. Тамыз айы­ның басында Әзiрбай­жан мен Армения шекарасындағы жағдай тағы да ушыға түстi. Әзiрбайжан президентi әкiмшiлiгiнiң қоғамдық-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi Али Гасанов

24 шілде 2014
АЛҚА БИЛЕР ТӘЖIАЯҚОВТЫ КIНӘЛI ДЕП ТАПТЫ
АҚШ-та тергеуге кедергi келтiрдi деген айып бойынша сотқа тартылған қазақстандық студент Азамат Тәжiаяқовтың iсiн қараған алқа билер оны кiнәлi деп тапты. А.Тәжаяқовқа қатысты ақырғы шешiм қазанның 21-i күнi шықпақ. Сот туралы егжей-тегжейлi жазған The Boston Globe басылымы алқа билердiң шешiмiн естiген студенттiң анасы жылап жiбергенiн, ал әкесi сұп-сұр болып кеткенiн жазады.
15 шілде 2014

Украина жақтан атылған снаряд Ростов облысының Донецк қаласына қарасты Двадцатка елдiмекенiндегi жер үйлердiң бiрiне түсiп, одан бiр Ресей азаматы қаза тапты, тағы екi адам ауыр жараланды. Мәскеу бұл оқиғаны аяқсыз қалдырмаймыз, оқ атқан аумақты нысанаға алып, жауап қайтарамыз деп мәлiмдедi.

10 шілде 2014
Ауғанстандағы сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша бұрынғы қаржы министрi Ашраф Гани жеңiске жеттi. Алайда бұл – сайлаудың толық қорытындысы емес. Ауғанстанның сайлау комиссиясы ақырғы нәтижеде өзгерiстер болуы мүмкiн екенiн ескерттi. Десек те, мұнымен келiспеген Ганидiң басты қарсыласы бұрынғы сыртқы iстер министрi Абдулла Абдулла бұл нәтиженi мойындамай, өзiнiң жеңгенiн мәлiмдедi.
8 шілде 2014
Славянск қаласын ресейшiл сепаратистерден тазартқан Украина әскерi ендi Донецк пен Луганскiнi де азат етпек. Славянскiдегi шайқастан кейiн украиндық ақпарат құралдарының сайттарында “терро­рис­тердiң” ауыр бронетехникасы мен қару-жарағының кадрлары бейнеленген көрiнiстер жарияланды. Сондай
17 маусым 2014

Онсыз да әбден ушыққан Украина мен Ресей қарым-қатынасы екi-үш күндiктен берi асқынған шегiне жеттi. Киевтегi Ресей елшiлiгiнiң алдында наразылық шарасын өткiзушiлердi сабырға шақыруға келген Украинаның сыртқы iстер министрi мiндетiн атқарушы Андрей Дещица шерушiлерге қосылып, Путиндi балағаттап ән салды. Бұл оқиғадан кейiн Мәскеу Киевке наразылық нотасын жолдады.

12 маусым 2014
Екi ай сепаратистер билеген, кейiн үкiмет әскерi шабуылдаған Луганскiнiң мыңдаған тұрғыны Украинаның басқа аймағына бассауғалап кеттi. Азаттық тiлшiсi сол босқынның бiрiмен әңгiмелестi. БҰҰ-ның Босқындар жөнiндегi жоғары комиссариатының есе­бiне қарағанда, Қырым Ресейге өтiп, Украинаның шығыс аймақтарында қақтығыс басталғалы 10 мыңға жуық адам
27 мамыр 2014
Украина бесiншi президентiн сайлады
САЯСИ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ӨТКЕН САЙЛАУДА ПОРОШЕНКО ЖЕҢДI
Осы жексенбi күнi Украина халқы өзiнiң тарихи таңдауын жасады. Олай демеске лаж жоқ. Елiнiң дұрыс таңдау жасауы үшiн Майданда үш ай бойы тапжылмай тұрған, тiптi қан төгiлгенде де рухы жаншылмаған украиндықтар ұлттық мүдде үшiн күрестi соңына дейiн жеткiзетiнiн бүкiл әлемге дәлелдедi. Украина тәуелсiздiк алғалы берi осымен бесiншi президентiн сайлады.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»