1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
6 мамыр 2014
Одессадағы кәсiподақтар үйiнде болған қанды қырғыннан кейiн Украинадағы шиеленiс асқына түстi. Елдiң шығысында жалғасып жатқан антитеррористiк операциялар кезiнде қаза тапқандар бар. 2 мамыр күнi Одесса қаласында көшеде басталған қақтығыстардың арты кәсiподақтар үйiн­дегi өртке апарып соқтырды.
22 сәуір 2014
“Путин Кеңес өкiметiн қайта құруды армандайды”
Украинаның премьер-министрi Арсений Яценюк америкалық “Эн-Би-Си” (NBC) телеарнасына сұхбат берiп, былай деп мәлiмдедi: “Ресей президентi Владимир Путин Кеңес одағын қайта құруды армандайды. Ол күн санап арманына қарай жылжып барады. Қай тұстан тоқтайтынын бiр Құдай бiледi”. Өткен аптаның бейсенбiсiнде В.Путин жылдағы әдетiнше жұртшылықпен “тiкелей байланысқа” шыққан.
17 сәуір 2014
Кеше Ресейдiң президентi Владимир Путин Германия канцлерi Ангела Меркельмен телефонмен сөйлестi. “Сөйлесейiк деп Меркель ұсыныс айтты” деп жар салып жатыр орысшыл басылымдар. Мұнысы – “Путин әлi ыққан жоқ” дегендегiсi. Германияның канцлерi де былқ-сылқ етiп, әлi кесiмдi сөзiн айта алмай жүр.
8 сәуір 2014
Украинаның шығысы толқып тұр
ҚЫРЫМДЫ ҚОЛДАН БЕРГЕН КИЕВ ЕЛДIҢ ШЫҒЫСЫН АЛЫП ҚАЛА МА?
Жексенбi күнi оңтүстiк шығыс Украинада ресейшiлдер шерулерi өткен болатын. Донецкiде митингiге шыққан 2 мың адам “Бүркiт” жасағының тұтқындалған жауынгерлерiне қолдау бiлдiрiп, Киевтiң жаңа билiгiн мойындамайтынын бiлдiрген. Сөйтiп, Донецк облысының мәртебесiн айқындайтын референдум өткiзудi талап еттi.
20 наурыз 2014
“БIЗ РЕСЕЙГЕ ҚҰРҚОЛ БАРМАЙМЫЗ”
Қырым автономиясының мойындалмаған премьер-министрi Сергей Аксенов былай дедi: “Ресейге масыл болмаймыз. Өйткенi өзiмiз ақша таба алатынымызға сенiмдiмiз. Және де бiз Ресейге құрқол бармаймыз”. Аксенов арада не дорба жүретiнiн, не жорға жүретiнiн ашып айтпады. Әйтеуiр, Аксеновтiң есебi түгел сияқты.
18 ақпан 2014
МАЙДАН ЖЕТЕКШIЛЕРI ГЕРМАНИЯҒА БЕТ АЛДЫ
Украинадағы Майданның жетекшiлерi Виталий Кличко мен Арсений Яценюк Германия­да канцлер Ангела Меркельмен кездеспек. Оппозиционерлер Германиядан бiрқатар украиналық шенеунiктерге қарсы санкция қолдануды талап етпек. Сондай-ақ, кейбiр БАҚ-тың хабарлауынша, А.Яценюк Германиядан қаржылай көмек сұрауы мүмкiн.
28 қаңтар 2014

Жексенбi күнi Киевте “Спильна справа” (“Ортақ iс”) қозғалысының белсендiлерi Украина әдiлет министрлiгiнiң ғимаратын басып алды. Елдiң өзге де аймақтарында шерушiлер жергiлiктi әкiмшiлiк нысандарын шетiнен билеп-төстеп жатыр.

23 қаңтар 2014
Украинада қан төгiлдi

Жексенбiден берi Киевтiң Грушевский көшесi тап бiр соғыс алаңына айналғандай. Шерушiлер мен милиция арасындағы қақтығыстың алғашқы құрбандары бар. Соңғы ресми ақпарат бойынша, екi адам қаза тапты. Ал оппозиция кемiнде бес адам ажал құшты дейдi. Оппозициялық “Батькивщина” партиясының мәлiметiнше, жарақат алған шерушiлердiң саны бiр жарым мыңға жуықтаған. 

14 қараша 2013
Өткен сенбi-жексенбi күндерi Филиппиннiң астын үстiне келтiрген “Хайян” дейтiн дауылдан 1833 адам көз жұмған. Тағы 84 адам iз-түзсiз жоғалыпты. Мұны кеше Филиппиннiң төтенше жағдайлар жөнiндегi ұлттық агенттiгi ресми түрде мәлiмдедi.
14 қараша 2013
Беларусьте ұран жазылған жейде үшiн де қамайды
Беларусьте президенттiң отставкаға кетуiн талап еткен жейде киген азамат бес күнге қамалды. Бiр аптада мұндай шешiм екi рет шығып отыр. Бұл Лукашенко режимiнiң қарсылыққа төзбейтiнiн көрсетедi. Беларусьте үкiметке қарсы адамдар қол шапалақтағаны үшiн немесе интернетке ойыншық аюдың суретiн қойғаны үшiн де қамауға алынып жатады. 
5 қараша 2013
Шетел жаңалықтары
МҮРСИДIҢ СОТЫ БАСТАЛДЫ
Каирде Египеттiң бұрынғы президентi Мұхаммед Мүрсидiң соты басталды. Сот қарсаңында билiк қауiпсiздiк шараларын күшейттi. Сот өтiп жатқан полиция академиясы ғимаратының маңындағы көшелерге күзет қойылды, ғимарат төбесiне шыққан арнайы жасақтың снайперлерi мен аспандағы ұшақтар ахуалды бақылап жүр.
3 қазан 2013
Шетел
НЕТАНЬЯХУ РУХАНИДI “ҚОЙ ТЕРIСIН ЖАМЫЛҒАН ҚАСҚЫРҒА” ТЕҢЕДI
БҰҰ-ның Нью-Йорктегi бас ассамблеясының 68-сессиясында Израильдiң премьер-министрi Бинямин Нетаньяху олай да бұлай көсiлiп сөйледi. Қолдаушыларының құдiретiн сезсе керек, сiрә. Ол сөзiн тарихтан тартып бас­тады. “Бұдан 2,5 мың жыл бұрын
12 қыркүйек 2013
АҚШ РЕСЕЙ ҰСЫНЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Ресей Сирия мәсе­лесiн шешудiң жолын ұсынды. Мәскеу Да­маскiнi әскери ша­буыл­ға жол бермес үшiн химиялық қару-жарақты “халықаралық бақылауға” беруге шақырды. Мәскеудiң бұл ұсынысын Ресейдiң сыртқы iстер министрi Сергей Лавров мәлiм еттi.
5 қыркүйек 2013
Путин мен Обама келiсе ала ма?
АҚШ-тың Сирияға қарсы күш қолдану-қолданбауы мәселесi соңғы күндерi әлемдiк БАҚ-тың бiрiншi бағанынан түспей тұр. Бұл мәселенiң нүктесi 9 қыркүйекте екi палатаның өкiлдерi каникулдан келген соң қойылмақ. Сирияға қатысты қарардың мәтiнiн келiсу жиынында мемлекеттiк хатшы Джон Керри, қорғаныс министрi Чак Хейгел және қарулы күштер штабы
3 қыркүйек 2013
Әлем үшiншi дүниежүзiлiк соғыстың алдында тұр

Сирия үкiметiнiң бейбiт халыққа қарсы химиялық қару қолданғанына сенiмдi АҚШ-тың әскери операция жүргiзбек ойы бар. Бұл туралы АҚШ президентi Барак Обама мәлiмдедi. Алайда бұл шешiмдi 9 қыркүйек күнi жұмысқа шығатын конгресс мақұлдауы тиiс. Әзiрге АҚШ-тың бұл бастамасын НАТО елдерiнен тек Франция ғана қолдап отыр.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»