1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
11 мамыр 2012
Шетел жаңалықтары
ДАМАСКIДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ
Кеше таңертең Дамаскiде екi рет күштi жарылыс болып, со­ның салдарынан бiрнеше адам қаза болды. Лондондағы сириялық құқық қорғаушылар тобының айтуынша, қаланың оңтүстiк бөлiгiнде жарылыстар бiрiнен соң бiрi болған. Құқық қорғаушылар бұл жарылыстардың арнайы органдарға қарсы ұйымдастырылғанын айтты. Өйт­кенi жергiлiктi тұрғындардың сөзi­не сiлтеме жасаған “Рейтер” ақпарат агенттiгi жарылыстар болған ауданда әскери бар­лау қызметiнiң кеңсесi болғанын хабарлады.
20 наурыз 2012

Иран мен Израиль арасындағы шиеленiс шегiне жеттi. Жұқарған жүйкелер әне-мiне сыр берiп, тағы бiр соғыс өртi бұрқ ете қалуға шақ тұр...

20 наурыз 2012

Өткен аптаның соңында Еуропарламентте Ресейде өткен президент­тiк сайлаудың қо­рытындысына қатысты қарар қабылданды. Ресей оппозициясы мен Путиндi қолдамайтын бейтарап топтар Еуропарламенттен қатаң сын күткен.

20 наурыз 2012

Құрбанғұлы Бердiмұхамедов Түрiкмен­станға газ сұрай келген Украина прези­ден­тi Виктор Яну­ковичтiң жолына түгi тобыққа жететiн түрiкмен кiлемiн төсеп, сән-салтанатпен күтiп алды.

20 наурыз 2012

Қырғызстанның премьер-министрi Өмiрбек Бабанов қаржы полициясы сыбайлас жемқорлықпен күресе алмайтын дәр­менсiз құрылым ретiн­де жойылатынын мәлiмдедi.

20 наурыз 2012

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердiң маусым айында Тәжiкстанда өтетiн кезектi әскери жаттығуына Өзбекстан тағы қатыспайтын болды. Тағы дейтiнiмiз, Ислам Каримов 2003 жылы Қазақстанда өткен жаттығуға да әскерiн жiбермей қойған.

16 ақпан 2012
Қырғыздың Жогорку Кенеш депутаты Урмат Аманбаева қырғыз тiлi, яғни мемлекеттiк тiл туралы үлкен мәселе көтердi. Ол Конституцияда қосақталған орыс тiлiнiң ресми тiлге жататынын айтып, мемлекеттiк тiлге басымдық беру керектiгiн мәлiмдедi. Қырғызстан Конституциясында қырғыз тiлiмен жағаласып, орыс тiлiнiң ресми деген айдармен келе жатқанына жиырма жыл. Яғни, қазақтың басындағы шешiлмеген түйiн көршi елде де бар. Өз елiнде бас­қа тiлдi ресми орынға шығарудың зардабын айыр қалпақты бауырларымыз да тартып келген. Алайда бiздегi әрiптестерiнен Жогорку Кенештiң депутаттары оқ бойы озық тұр.
24 қаңтар 2012
АҚШ СОТЫ ОБАМАНЫ ДА ОҢДЫРМАЙДЫ
Алдағы президенттiк сайлауда Барак Обамаға оңай болма­йын деп тұр. Атланта қаласының соты Барак Обаманы бейсенбi күнге сотқа шақыртты. Президенттiктен үмiткер һәм миллиардер Дональд Трамп сотқа арыз түсiрiп, Обаманың “АҚШ-та тудым” дегенiне күмән келтiрiптi. АҚШ заңдары бойынша, АҚШ-та туған азамат қана президент болып сайлана алады. Обама өзiнiң өмiрбаянында “АҚШ-тың Гавай штатында тудым” деп көрсеткен. Ал егер Дональд Трамп Обаманың өзге елде туғанын сотта дәлелдесе, онда Обаманы сот оңдырмайды.
24 қараша 2011

“Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшiн” жетi жылға сотталған Украинаның бұрынғы премьер-министрi Юлия Тимошенконың денсаулығы мүшкiл

24 қараша 2011

Сенбi күнi Египеттiң астанасы Каир мен басқа қалаларда шерушiлер мен полицейлер қақтығысып қалды. Сенбiден берi жалғасып жатқан қақтығыста кем дегенде 1200 адам жарақаттанып, 32 адам қаза тапқан.

24 қараша 2011

Тәжiкстан соты 8,5 жылға сотталған ұшқыштар ресейлiк Владимир Садовничий мен Эстония азаматы Алексей Руденконы қамаудан босатты.

11 қазан 2011

Ливияның уақытша үкiметi Каддафиге қарсы күштер Сирт қаласына бақылауды алу жолындағы шайқаста айтарлықтай жеңiске жеткенiн хабарлады

11 қазан 2011

Польша премьер-министрi Дональд Туск 1989 жылы коммунизм құлағаннан бергi екiншi мерзiмге сайланған бiрiншi үкiмет басшысы болды. 

1 қыркүйек 2011
“ПУТИН ДЕ, МЕДВЕДЕВ ТЕ ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ”
Әр билiктiң тұсында өз сұрқылтайы болады. Мәселен Қазақстан билiгiнiң сұрқылтайы њәм “бұлбұлы” – Ермұхамет Ертiсбаев. Билiк көкейiндегiнi соның аузымен айт­қызады. Ертiсбаев сияқты Ресейдiң де өз сұрқылтайы бар. Ол – Владимир Жириновский. Қазақстанның Қасымов сияқты президенттiк сайлаудан қалмайтын “кезекшi кандидаты” бар, ал Ресейде бұл “мiндет” тағы сол баяғы Жириновскийдiң мойнына жүктелген. Жириновский келер жылдың наурызында Ресейде өтетiн президенттiк сайлауға қатысты бүй дедi: “Менiң пайымдауымша, 2012 жылы наурызда өтетiн президенттiк сайлауда қазiргi президент Дмитрий Медведевпен, премьер-министр Владимир Путинмен және Коммунистiк партияның басшысы Геннадий Зюгановпен бәсекеге түсуiме тура келiп тұр.
30 тамыз 2011
ЖАПОНДАР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРIН САЙЛАДЫ
Кеше Жапонияның бұрынғы қаржы ми­нистрi Иосихидо Нода Демократиялық пар­тияның көшбасшысы болып сайланды. Осылайша Нода ендi Жапония премьер-министрiнiң тiзгiнiн ұстайды. Отставкаға кеткен Наото Канның орнына бiрден-бiр үмiткер ретiнде Сэйдзи Маэхараның аты-жөнi аталатын. Маэхара – Куриль аралдарына қатысты Ресейге батырып-бытырып айтып жүрген батыл саясаткер-тiн. Маэхараның үкiмет басына келмегенiне ең алдымен орыстар қуанышты. “Құлағымыз тыншитын болды” деп... Иосихидо Нода – 54 жаста. Талай құқайды көрген саясаткер һәм экономист. Әзiрше жаңа премьер-министр Куриль аралдарына қатысты нақты ұстанымын
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»