Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Андрей Карпович “Ақтөбе” клубына ауысты.
“Ақтөбе” футболшылары оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық кездесуiн Ресейдiң “Шинник” командасымен өткiзiп, 0:2 есебiмен ұтылып қалды.
Футболдан Түркия құрамасының жаңа бас бапкерi голландиялық Гус Хиддинктiң Кот Д, Ивуар футболшыларын әлем бiрiншiлiгiне алып баруы әбден мүмкiн. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, голландиялық бапкер Кот Д, Ивуар футбол қауымдастығымен екi айға келiсiмшартқа отырмақ. Келiсiм-шарттың мерзiмi 15 мамырдан 15 шiлдеге дейiн.
Футболдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шыққан төрт команда белгiлi болды. Сейсенбi күнi сырт алаңда Италияның “Фиорентинасынан” 2:3 есебiмен ұтылған Германияның “Бавариясы” сырт алаңда соққан добының нәтижесiнде ширек финалға жолдама алса, француздың “Лионы” Мадридте “Реал“ клубымен тең ойнап, үздiк сегiз команданың қатарына кiрдi.
БРАЗИЛИЯДА БIЛIМ АЛУ БАЙШЫКЕШТЕРДIҢ ҒАНА БАЛАЛАРЫНЫҢ МАҢДАЙЫНА ЖАЗЫЛҒАН БА?
2007 жылы президент Н.Назарбаев Бразилияға ресми сапармен барғанда сол елдiң президентi Луис Инасио Лула да Силвамен кездесiп, қазақстандық жасөспiрiм футболшыларды Сан-Паулодағы “Ole Brasil F.C.” футбол академиясында үш жыл оқыту туралы келiсiмге келген. Кезiнде бұл туралы спорт басылымдары алаулатып-жалаулатып жазды. “Ендiгi ұрпақ допты түзу тебетiн болды” деп...
Сәрсенбi күнi құрлықтық хоккей лигасының плей-офф бәсекесiне шыққан командалар алғашқы ойындарын өткiздi.
Наурыздың 14-19 аралығында Астанада бокстан төрт елдiң былғары қолғап шеберлерiнiң қатысуымен матчтық кездесулер өтедi.
Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Иранның Тегеран қаласында өткен Азия бiрiншiлiгiнен олжалы оралды. Назар Iлиясов баптайтын елiмiздiң жастары Азияның жиырма елiнiң арасынан жалпыкомандалық есепте бiрiншi орынға ие болды. Былғары қолғап шеберлерiмiздiң қоржынында 4 алтын, 1 күмiс, 2 қола медаль бар. Бас бапкер Н.Iлиясов Иран жерiне елiмiзден он бiр боксшы алып барды. Оның жетеуi жартылай финалға алқынбай жеттi. 60 келi салмақта ел намысын қорғаған Аслан Есенов алғашқы жекпе-жегiнде тайпейлiк қарсыласын
Француздың ең атақты футболшыларының бiрi Зинедин Зидан шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарына былай деп сұхбат берiптi:
Қазақстандық теннисшiлер Андрей Голубев пен Юрий Щукин Астанада өткен Дэвис кубогының бiрiншi айналымынан сәттi өттi.
Қазақстанның кәсiпқой боксшылары мен ережесiз жекпе-жектiң шеберлерi бұл күндерi АҚШ-тың Техас штатында оқу-жаттығу жиындарын өткiзiп жатыр.
Ертең бокстан Куба құрама командасының жастары Талдықорғанда оқу-жаттығу жиындарын өткiзуге келедi.
Өткен аптада Алматыда биатлоннан Ванкувер олимпидасының күмiс жүлдегерi Елена Хрусталева бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткiздi. Журналистердiң басын қосқан жиынға елiмiздегi биатлон қауымдастығының президентi Владимир Смирнов та қатысты. Бұған дейiн Ресей мен Беларусь елiнде өнер көрсетiп келген Елена Хрусталеваның Қазақстан азаматтығын алғанына да бiраз жылдың жүзi болды. 2007 жылы Қытайдың Чангчун қаласында өткен Азия ойындарында
Қазақстанның грек-рим күресiнiң палуандары Венгрияның Сомбателли қаласында Гран-при жарысынан оралды. Мұратбек Қасымханов баптайтын елiмiздiң палуандарына бұл додада тек жалғыз күмiс медаль ғана бұйырды.
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетiп жатқан командалар бүгiн плей-офф бәсекелерiн бастайды. Өткен аптаның жексенбiсiнде Мәскеудiң “Динамосымен” мұз айдынына шыққан Астананың “Барысы” қарсыластарын 5:2 есебiмен ойсырата жеңдi


