9 ақпан 2010
“Қайрат” екi ойында да жеңiлiп қалды
Қысқа қайырғанда
· Қарағандының “Шахтерi” 28 жастағы беларусь футболшысы Алексей Сучковпен келiсiмшартқа отырды.
· Қазақстан құрамасының ойыншысы Сергей Хижниченко Астананың “Локомотив” сапынан сынақтан өтуге келдi.
· “Дүниежүзiлiк футболдың статистикасы мен тарихы” қауымдастығы әлемнiң ең үздiк 350 командасының тiзiмiн жариялады. Өкiнiшке қарай, өткен айда 350-орында тұрған “Ақтөбе” футболшылары бұл жолы үздiктер қатарынан шығып қалыпты.
· Биылғы маусымда Павлодардың “Ертiс” командасында Әзiрбайжан құрамасының шабуылшысы Даниэль Ахтямов өнер көрсетуi мүмкiн. Әзiрбайжандық шабуылшы дәл қазiр керекулiк клубпен бiрге жаттығып жүр.
· Алматының “Қайрат” футбол клубы Түркияда екi бiрдей жолдастық кездесу өткiзiп, екеуiнде де жеңiлiп қалды. Сергей Волгин баптайтын команда алдымен жергiлiктi “Хатайспор” командасынан 0:2 есебiмен жеңiлсе, одан кейiн Свердловскiнiң “Уралынан” 1:3 есебiмен ұтылды.
· Астананың “Локомотивi” Түркияда Нальчиктiң “Спартагымен” жолдастық кездесу өткiзiп, 2:2 есебiмен тең түстi.
· Румынияның “Снагор” клубымен жолдастық кездесу өткiзген Қарағандының “Шахтерi” қарсыластарын 3:1 есебiмен ұтты. “Кеншiлердiң” сапынан бiр допты Сергей Шафф соқса, екiншi голды Андрей Финонченко салды. Беларусь легионерi Алексей Сучков та бiр доп соғып көзге түстi.
· Футболдан Қазақстан құрамасының әлемдiк рейтингтегi орны өткен аймен салыстырғанда екi сатыға жоғары көтерiлдi. Қаңтар айында 125-орында тұрған Қазақстан құрамасы ақпан айының қорытындысы бойынша 123-орынға көтерiлiптi.




