1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
9 ақпан 2010
Намысымызға тидi...

ҚР Туризм және спорт министрлiгiнiң назарына!

Менiң ұлым Жайнақов Дәурен 2009 жылдың 7 қарашасында Грекияның Салоники қаласында самбо күресiнен өткен дүние жүзiнiң 57 мемлекетiнiң палуандары қатыс­қан әлем чемпионатында 1-орын алып, алтын алқа тағып оралды. Бiздердiң, яғни, ата-анасының қуанышында шек болған, жоқ. Ауыл-аймақ, бота-тайлағымызбен Дәурендi шашу шашып күтiп алдық.
Әрине, менiң айтпағым бұл емес. Сонау Грекия елiнде, қазақ елiнiң ән ұранын шырқатып, жалауын желбiретiп келген ұлымды не әкiмшiлiк, не құзырлы бiр мекеме қолын алып құрмет көрсетуге жарамады.
Басқа елде “елiмнiң намысын қорғадым” деп келген ұлымның өз елiнде намысы жердей болды. Менiң ұлыммен бiрге батысқазақстандық Ерболат та алтын алқа тағып келдi. Оны оралдық жерлестерi басына баспана, астына машинаның кiлтiн берiп қарсы алды. Ал Алматының әкiмi менiң ұлымның қолын алып құттықтауға жарамады. Теледидар арқылы қомақты ақшалай сый көрсетемiз деп сөз жүзiнде ғана айтты. Бiздi алдады ма, жоқ өздерiн өздерi алдады ма, бiлмеймiз...
Дәл қазiргi уақытта ұлым Алматыдағы әскерилердiң орталық спорт клубының сапында. Ал ендi сол орталық спорт клубының берген сыйы – қолға ұстайтын компьютер. Мiне, алған сыйымыз осы ғана.
Ендi бiздiң бiлгiмiз келетiнi, осы “Әлем чемпионы” деген атқа өкiметтен қандай көмек болады?
 
Жайнақова Оралхан Алпысбайқызы,
 әлем чемпионының анасы.
Андас батыр ауылы,
Меркi ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
Мұқыр-самбистер ауылы.Атырау облысы | 9 ақпан 2010 16:19
Балаңыздың чемпион болғанын пұлдағаныңыз ба? Сонда сіз балаңызды,қолдың кірі-дүние үшін ғана күреске қатыстырдыңыз ба? Аллаһ бәрін Көруші,бәрін Естуші!!!
Санақшы | 10 ақпан 2010 06:58
Басқа елде “елiмнiң намысын қорғадым” деп келген ұлымның өз елiнде намысы жердей болды. Теледидар арқылы қомақты ақшалай сый көрсетемiз деп сөз жүзiнде ғана айтты. Бiздi алдады ма, жоқ өздерiн өздерi алдады ма, бiлмеймiз...
Дәл қазiргi уақытта ұлым Алматыдағы әскерилердiң орталық спорт клубының сапында. Ал ендi сол орталық спорт клубының берген сыйы – қолға ұстайтын компьютер. Мiне, алған сыйымыз осы ғана.
Ендi бiздiң бiлгiмiз келетiнi, осы “Әлем чемпионы” деген атқа өкiметтен қандай көмек болады?
*********************************************
Қазақ халқы мен сігән халқының ортақ қасиеттерін санасақ, көп екен.
Атығай Алматыдан | 10 ақпан 2010 12:05
Балаңыздың чемпион болғанын пұлдағаныңыз ба? Сонда сіз балаңызды,қолдың кірі-дүние үшін ғана күреске қатыстырдыңыз ба? Аллаһ бәрін Көруші,бәрін Естуші!!!



Атырау жақ, қазіргі вахаби ағымына қатты берілген аймақ деп көп естуші едім. Соған тағы бір рет көз жеткіздік. Қазақтар Құдай тағаланы Алла деп айтқан, арабтар секілді Аллаһ деп емес...
қазақ | 10 ақпан 2010 16:38
Бұл жерде чемпионды дұрыс бағаламағандық көрініп тұр.
Анасы ешкім ұлының еңбегін бағаламағаннан ашынып жазған болар осы мақаланы.
АТЫРАУ | 6 мамыр 2010 23:22
Балаңыздың чемпион болғанын пұлдағаныңыз ба? Сонда сіз балаңызды,қолдың кірі-дүние үшін ғана күреске қатыстырдыңыз ба? Аллаһ бәрін Көруші,бәрін Естуші!!!Атырау жақ, қазіргі вахаби ағымына қатты берілген аймақ деп көп естуші едім. Соған тағы бір рет көз жеткіздік. Қазақтар Құдай тағаланы Алла деп айтқан, арабтар секілді Аллаһ деп емес...

Бiлiм алыныз Атыгай мырза!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар