1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15475) 2 наурыз, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
2 наурыз 2010
Әлем кубогынан екi медаль

Өткен аптада Прага (Чехия) мен Варшава (Польша) қалаларында дзюдодан кезектi әлем кубогы мәресiне жеттi. Бұл сында бақ сынаған елiмiздiң дзюдошы қыз-жiгiттерi Қазақстан құрамасының қоржынына бiр күмiс, бiр қола медаль салды.

Ербол Қырғызбаев баптайтын елiмiздiң дзюдошы жiгiттерi Чехияның астанасы Прагада белдесiп жатқанда, Жанна Нұртазина бастаған бойжеткендерiмiз өз күш­терiн Варшавада сынады. Өкiнiшке қарай, жетi салмақ дәрежесi бойынша белдескен он төрт бойжеткенiмiздiң арасынан 78 келiден жоғары салмақта белдескен Гүлжан Исанова финалда француз палуанынан ұтылып, күмiс медальдi иелендi. 57 келi салмақта күрескен Алина Тен мен 70 келiдегi Мариям Ордабаевалардың Варшавадан жүлдемен оралатындай жөнi бар едi, алайда екi палуанымыз да қола медаль үшiн бол­ған белдесуде жеңiлiс тауып, бесiншi орыннан бiр-ақ шықты.
Ерлер арасындағы әлем кубогына елiмiзден он тоғыз палуан қатысса да, соның бiреуi ғана қола медальмен оралды. 66 келi салмақта татамиге шыққан Дастан Үкi­баев өзiне берiлген мүмкiн­дiктi мүлт жiбермей, қола медальдiң иесi атанды. Ширек финалда армениялық Армен Назаряннан жеңiлген Дастан қола медаль үшiн бол­ған белдесуде екi бiрдей палуанды жығып, жүлделi орыннан көрiне бiлдi. Дәл осы салмақта белдескен Саят Әлмұқашев бельгиялық палуаннан айласын асырғанымен, келесi кезеңде украин жiгiтiнен жеңiлiп, жарыстан шығып қалды. 100 келiден жоғары салмақтағы Бейбiт Ыстыбаев жетiншi орынды мiсе тұтты. Өкiнiшке қарай, Дастан мен Бейбiттен басқа он жетi палуанымыздың ешқайсысы да үздiк сегiз­дiк­тiң қатарына ене алмады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар