4 наурыз 2010
Сұлулар сыр елiнде жұдырықтасты

Қызылордада әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан бiрiншiлiгi өз мәресiне жеттi. Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен жиналған бұрымды боксшыларымыз Сыр елiнде бес күн бойы шаршы алаңның шаңын қақты.
Лондон олимпидасының бағдарламасына кiрген әйелдер боксы бiздiң елде қарыштап дамып келе жатқанын айтуға тиiспiз. Ұлттық құраманың бас бапкерi Вадим Присяжнюктiң айтуынша, бұл жарыста жеңген бойжеткендерiмiз биылғы жылдың мамыр айында Астанада өтетiн Азия бiрiншiлiгiнде бақ сынайды. Сонымен қатар, құрлық додасында жоғарғы жетiстiкке қол жеткiзген боксшыларымызды күз айында Барбадоста болатын әлем бiрiншiлiгi күтiп тұр.
Қызылорданың “Еуразия” спорт кешенiнде өткен жарыста бойжеткендерiмiз жас шамасына қарай екiге бөлiнiп күш сынасты. Ересектер он бiр салмақ дәрежесi бойынша ел чемпионын анықтаса, қыздарымыз он екi салмақ бойынша жеңiмпаздарды анықтады. Ересектер арасында жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 2 күмiс, 4 қола медаль жеңiп алған Алматы қаласының бойжеткендерi бiрiншi орынға ие болды. Жастар арасындағы сайыста Жамбыл облысының боксшылары топ жарды.
Жарыс жеңiмпаздары
Әйелдер:
46 келi: Н.Қызайбай (Алматы);
48 келi: Н.Боранбаева (Астана);
51 келi: Ә.Асқарова (Жамбыл обл);
54 келi: Г.Әкiмова (Алматы);
57 келi: О.Королева (Қарағанды обл);
60 келi: Г.Уббиниязова (Ақтөбе обл);
64 келi: С.Хасенова (Ақмола обл);
69 келi: Е.Кольцова (Қостанай обл);
75 келi: М.Вольникова (Қызылорда обл);
81 келi: Ю.Маматкулова (Жамбыл обл);
81 келiден жоғары: Л.Күнгейбаева (СҚО).
Қыздар
46 келi: Д.Мусина (Қарағанды обл);
48 келi: А.Хусайнова (Алматы);
50 келi: А.Боранбаева (Астана);
52 келi: А.Уматова (Жамбыл обл);
54 келi: Н.Төлеуова (Алматы обл);
57 келi: М.Макатревич (ОҚО);
60 келi: Ә.Қуандық (Жамбыл обл);
63 келi: Ф.Шәрiпова (Жамбыл обл);
66 келi: Н.Ермекбаева (Алматы обл);
70 келi: А.Арапбай (ОҚО);
75 келi: М.Әшiмбаева (Алматы обл);
80 келi: О.Ухарева (Қарағанды обл).




