1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Алға» партиясы «Менiң көшбасшым емес!» шарасын өткiзiп, «Нұр Отанның» аймақтағы өкiлдiктерi алдында пикет жасамақ. Бұдан не өзгередi?
«Нұр Отан» «Ұлттың ғана емес әлемнiң әкесi!» деген қарсы шара өткiзедi (7.9%)
Назарбаев «елбасы» мәртебесiнен бас тартады (2.6%)
Ендi ештеңе өзгермейдi (75.4%)
Көшбасшысын халық өзi таңдай бастайды (14%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15476) 4 наурыз, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
4 наурыз 2010
Палуандар Венгрияда белдеседi

Наурыздың 6-7-сi күндерi Венгрияның Сомбателли қаласында да грек-рим күресiнен Гран при жарысы өтедi. Әлемнiң ең таңдаулы деген пал­уандары бас қосатын дүбiрлi жарысқа Қазақстанның грек-рим кү­ресi­нiң шеберлерi де өз өнерлерiн ортаға салады.

Ұлттық құраманың бас бапкерi Мұратбек Қасымханов бұл жарысқа елiмiздiң маңдайалды палуандарын апарғалы отыр. Ұлттық құраманың тiзгiнiн ұстағанына көп уақыт өте қоймаған бас бапкер жарыс жайлы өз ойын былай жеткiздi:
– Қазiр палуандарымыз Венгрияда оқу-жаттығу жиындарын өткiзiп жатыр. Гран-при жарысы – өте мәртебелi жарыстардың бiрi. Сондықтан палуандарымызға көп күш жұмсауға тура келiп тұр. Жақында Ираннан оралдық. Ол жақта бiздiң палуандар командалық есепте екiншi орын алды. Биылғы жылдың ең бас­ты жарыстарының бiрi – Азия ойындары екенi сөзсiз. Қараша айына дейiн палуандарды бiраз сынақтан өткiзiп аламын. Иранда өткен жарыспен Венгрияда өтетiн жарыс Азия ойындарына дейiнгi дайындық есебiнде жүргiзiлуде. Гран-при жарысына 66 келi салмақтағы Дархан Баях­метовтi алып барайын деп едiм. Алайда Дархан жарақатынан толық айыға алмағандықтан оған сәл де болса демалыс бергендi жөн көрдiм. Себебi, Азия ойындары ке­зiнде алтын медальға бiрден бiр үмiткер – осы жiгiт. Оның бiзге жақсылап жазылғаны керек.
             Гран-при жарысына кiмдер қатысады?
             55 келi салмақта Марат Гарипов Иранда өткен турнирде күмiс медальмен оралды. Сол жiгiттi тағы бiр рет сынап көруге бел будым. 60 келiде Алмат Кебiсбаев белдеседi. Олимпиада ойындарының жә­не әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдегерi Нұрбақыт Теңiз­баев (суретте) 66 келiге шығады. Нұрбақыт әлем бiрiншiлiгiнен кейiн жарысқа әлi шыққан жоқ. Салмағы сәл өскендiктен қинамай 66 келiге белдессiн деп шештiк. Уакыт өте келе өзiнiң үйреншiктi салмағына оралады деп сенемiн. 74 келi­де жастар арасында әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Досжан Қортықов пен Асқат Дiлмұхамбет­ов­ке сенiм арттық. 84 келiде Қазақстан чемпионы Алхазур Өздиев барады. 96 келi салмақта Марғұлан Әсембеков пен Әсет Мәмбетов қатысады. Марғұлан Иранда өткен жарыста жарақат алып қалған едi. Қазiр тәуiр болып қалды. Екi-үш белдесу өткiзуге шамасы жетедi.
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Талант | 6 наурыз 2010 23:33
Магғұланға сенім артқандарыңыз дұрыс
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар