4 наурыз 2010
Ендi екi ойыннан кейiн...
Ендi екi турдан кейiн құрлықтық хоккей лигасының iрiктеу ойындары аяқталып, командалар плей-офф бәсекелерiн бастайды. Қысқы Олимпиада ойындарына байланысты бiраз үзiлiс алған командалар кеше ойындарын қайта жалғастырды. Iрiктеу ойындарының бiтуiне санаулы тур қалғанда плей-офф ойындарына жолдама алып қойған Астананың “Барысы” кеше кешкiсiн Минскiнiң “Динамосын” қабылдады. Ал ертең Риганың “Динамосымен” күш сынасады. 7 наурыз күнi Астанаға Мәскеудiң “Динамосы” келедi.




