1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Алға» партиясы «Менiң көшбасшым емес!» шарасын өткiзiп, «Нұр Отанның» аймақтағы өкiлдiктерi алдында пикет жасамақ. Бұдан не өзгередi?
«Нұр Отан» «Ұлттың ғана емес әлемнiң әкесi!» деген қарсы шара өткiзедi (7.9%)
Назарбаев «елбасы» мәртебесiнен бас тартады (2.6%)
Ендi ештеңе өзгермейдi (75.4%)
Көшбасшысын халық өзi таңдай бастайды (14%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
10 наурыз 2010
Кебiсбаев күмiспен оралды

Қазақстанның грек-рим күресiнiң палуандары Венгрияның Сомбателли қаласында Гран-при жарысынан оралды. Мұратбек Қасымханов баптайтын елiмiздiң палуандарына бұл додада тек жалғыз күмiс медаль ғана бұйырды. 60 келi салмақта белдескен отандасымыз Алмат Кебiсбаев финалда әзiрбайжан палуанынан ұтылып қалды.

Алғашқы белдесуде колумбиялық қарсыласының жауырынын жер иiскеткен Алмат екiншi белдесуiнде украин палуаны Данило Кромовты ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Финалға берiлетiн жолдаманы норвегиялық палуанмен сарапқа салған жерлесiмiз скандинавиялық қарсыласын айналып өтiп, финалға шықты. Өкiнiшке қарай, финалда отандасымыздың әзiрбайжан палуаны Хасан Әлиевке әлi келмедi. Қалған салмақтағы палуандарға келер болсақ, 55 келi салмақтағы Марат Гарипов жүлделi орынға бiртабан жетпей тоқтады. Жартылай финалға дейiн өзiне тең келер қарсылас таппаған Маратты финалға кәрiс пал­уаны жiбермедi. Жерлесiмiз кәрiс палуанынан жеңiлгеннен кейiн жүлделi үшiншi орынды жеңiп алуға мүмкiндiгi бар едi. Алайда, қола медаль үшiн болған белдесуде Мараттың жолын жапон палуаны бөгедi. Сөйтiп жерлесiмiз жарыс қорытындысы бойынша, небәрi бесiншi орынға табан тiредi.
66 келi салмақта ел намысын қорғаған әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдегерi Нұрбақыт Теңiз­­баев екiншi белдесуiнде украин жiгiтi Сергей Красильниковтан жеңiлiп, жүлдесiз қалды. Нұрбақыт бiрiншi белдесуiнде поляк Даниэл Рутковскийдi ұтқан едi.
74 келi салмақтағы Досжан Қортықов, Асқат Дiлмұхамбетов және Саят Сарманбеков те мажар елiнен бос қайтты. 84 келi салмақта күрескен Алхазур Өздиев те медальдiң аулынан алыс қалды. 96 келi салмақта кiлемге шыққан Әсет Мәмбетов екiншi белдесуiнде жеңiлдi. Ал дәл осы салмақтағы Мар­ғұлан Әсембеков пен 66 келiдегi Дархан Баяхметовтi бас бапкер жарақаттарына байланысты кiлем­ге шығарған жоқ.
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар