1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16050) 10 қыркүйек, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 қыркүйек 2015
Спорт ақпарат

ЕКI МЕДАЛЬ ТИДI 

Таиландта ауыр атлетикадан Азия бiрiншiлiгi өтiп жатыр. Құрлық додасынан екi қызымыз қола жүлдегер атанды. 58 келi салмақ дәрежесiнде Әсем Садықова қола медаль иегерi атанса, 63 келiде күшiн сынаған Фаина Сиванбаева да Азия чемпионатының қола жүлдесiн олжалады. Қыздарымыздың алдын Қытай мен Таиландтың ауыр атлеттерi орап кеттi. Азия бiрiншiлiгiнде ғана емес, әлем чемпионаттарында, олимпиада ойындарында Қытай ауыр атлеттерi қара күшке бай екенiн үнемi паш етедi.
Екi жылдан аса үзiлiстен кейiн үлкен додаға қосылған қос қызымыздың бұл жеңiсi де таудай табыс.
 
БАҒАСЫ ҚАНША?
УЕФА Чемпиондар лигасының  топтық кезеңiне өткен елордалық “Астана” клубының өз алаңында өткiзетiн алғашқы матчын стадионнан көргiсi келетiн жанкүйерлер билеттi 2 мың теңгеден жоғары бағаға сатып алады. Яғни ең арзан билет – 2 мың теңге, қымбатын 10 мың теңгеге алады.   
“Астана” топтық кезеңде мадридтiк “Атлетико”, лиссабондық “Бенфика”, стамбұлдық “Галатасарай” клубтарына қарсы ойнайды.
 
ҚИРАЙ ЖЕҢIЛДI
Астаналық “Барыс” хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасындағы 7-матчында ойсырай жеңiлдi. Өз алаңында тольяттилiк “Лада” хоккейшiлерiн қабылдап, алты шайба өткiзiп алды. Қонақтар 11 минут iшiнде бес шайба соқты.
Ерлан Сағымбаев баптайтын “Барыс” хоккейшiлерiнде қазiр айбын қалмағандай. Еңселi клубтардың өзi қаймығатын ұжымның биылғы маусымда сүрiнуi жиiлеп кеттi.
 
КӨРШIДЕН КҮШI БАСЫМ
Алматыда су добынан (ватерпол) бастал­ған әлем чемпионатында елiмiздiң 20 жасқа дейiнгi жастар құрамасы Өзбекстан құрамасын 13:12 нәтижесiмен ұтты.
“Д” тобында тартысқа түскен жастарымыз Испания, Италия, Канада құрамаларына қарсы ойнап, топта үшiншi сатыға жайғасты. 
Сергей Дроздов баптайтын жастарымыз ендi Черногория құрамасына қарсы тұрады.
Дайындаған Қуаныш Бажақ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар