1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16151) 30 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" спорт беті.
30 тамыз 2016
Спорт ақпарат

АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ ЖОҚ

Елордалық “Астана” футбол клубының Еуропа лигасының топтық кезеңiнде өткiзетiн матчтарының кестесi нақтыланды. Елордалықтар “В” тобында сынға түсiп, Кипрдiң АПОЭЛ, Грекияның “Олимпиакос”, Швейцарияның “Янг Бойз” клубтарына қарсы ойнайды. Алғашқы тартыс 15 қыркүйекте Кипрде өтсе, 29 қыркүйекте Астанаға “Янг Бойз” клубы келедi. Елордалық футболшылар 20 қазанда Грекияға барады, 3 қараша күнi “Олимпиакос”, 24 қарашада АПОЭЛ футболшылары Астанаға келедi. Топтық ке­зеңдегi соңғы ойынды “Астана” футболшылары 8 желтоқсанда Швейцарияда өткiзедi.
 
БIШКЕКТЕ БАЙҚАП КӨРМЕК
Талғат Байсуфинов баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасы бүгiн Бiшкекте Қырғызстан ұлттық құрамасына қарсы жолдастық матч өткiзедi. Кешкi сағат 19:00-де басталатын дода 2018 жылғы әлем чемпионатына iрiктеуге әзiрлiктi пысықтау мақсатында өткiзiледi. Одан кейiн бiздiң футболшылар 4 қыркүйек күнi “Астана Арена” стадионында Польша құрамасына қарсы ойнайды.
Жалпы, қырғыз футболшыларымен осы уақытқа дейiн жетi мәрте тоқайласып, бес матчта жеңiске жетiп, екi ойында итжығыс түстiк.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар