1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 желтоқсан 2016
Мергеннiң мақсат-мұраты

Алматылық “Қайраттың” шабуылшысы ивуарлық Жерар Гоудың клубпен жасасқан келiсiмшарт мерзiмi келесi жылдың желтоқсанына дейiн. Елiмiзде әлi де бiр жыл өмiр сүруiне болатын футболшы “Қайрат” жанкүйерлерiнiң сауалдарына жауап бердi. Былтыр да, биыл да ел чемпионатында соққан голдарының санын жиырмадан асырып, сұрмерген атанған Жерар Гоу “Қайратқа” бауыр басып қалыпты. “Клубтың басшысы Қайрат Боранбаев менiң әлi де осында доп тебуiмдi қаласа ойнаймын. Мен үшiн “Қайраттың” сапында соққан әрбiр гол ерекше ыстық. Алаңға шыққан сайын “қалайда гол соғуым керек” деп өзiмдi-өзiм қайраймын. “Қайраттың” жанкүйерлерiне ерекше ырзамын. Өз алаңымызда өткiзген матчтарда алабөтен қолдау бiлдiрiп, қиқулап арқаландырып отырады. Мен тағы бiр жыл Қазақстанда тұрсам, осы елдiң азаматтығын аламын. Егер де ұлттық құрама сапында ойнауға ұсыныс бiлдiрсе, қуана-қуана келiсiм беремiн” дейдi Жерар Гоу.
Екi жыл қатарынан елiмiздiң бiрiншiлiгiнде сұрмерген атанған Гоу 2009 жылы Марокконың чемпионатында да мергендердiң легiн бастаған болатын. 2013 жылы Түркияның 1-лигасында ойнағанда да Гоудан көп гол соққан футболшы болған жоқ. Түркия лигасы демекшi, жанкүйерлер Жерар Гоуға Түркияның 1-лигасы мен Қазақстан чемпионатын салыстырып салмақтап беруiн сұрапты. Бұл сұраққа Гоу бүй дейдi. “Әрине, Түркияның 1-лигасының деңгейi де, ұйымдастырылуы да, тартысы да өзгеше. Қазақстан чемпионатында бәйгеге таласатын санаулы ғана команда бар. Атап айтқанда “Астана” мен “Қайрат”. Ал Түркияның 1-лигасындағы кез келген ұжым чемпиондық тәждi иеленiп, жеңiске жетуi үшiн барын салады”.
Гоудың сөзiнiң жаны бар. Расында да футболдан ел чемпионатында топ жару бақыты бiрдi-екiлi клубқа қана бұйырып келедi. Әнебiр жылы Қазақстан премьер-лигасында жеңiске жетiп, УЕФА Чемпиондар лигасының iрiктеуiнде iркiлмей Еуропаның азулы клубтарының бiрi саналатын “Селтиктi” сүрiндiрген Қарағандының “Шахтерi” қазiр қай деңгейде? Болмаса Қазақстанның чемпионы деген атақты бiрнеше жыл қатарынан иеленген “Ақтөбе” биылғы чемпионаты қалай түгестi? Клуб сапындағы келiмсектерге жалақы төлеуде атымтай-жомарттыққа салынған ұжымның нәтижесi көңiл көншiтпейдi осы күнде. Расында да неге Қазақстан премьер-лигасында чемпиондық тәжге көкшенiң “Оқжетпесi” таласпайды? Болмаса “Атырау” Қазақстан чемпионы атанса болмай ма? Талдықорғанның “Жетiсуы” жеңiске жетсе кiм қой дейдi? Талай таланатты түлеткен “Тараз” клубы келесi жылы чемпиондыққа таласу былай тұрсын, бiрiншi лигага түсiп қалды.
Жерар Гоу Түркияның 1-лигасында ойнап, “Дензлиспор”, “Қайсерi Ержиесспор” клубтарында ойнады. Тiптi Гоу “Қайсерi Ержиесспор” клубында жүргенде 1-лиганың чемпионы атанып, клубтың суперлигада ойнауына үлесiн қосты.
Жерар Гоудың Қазақстан азаматтығын алып, бiздiң елдiң ұлттық құрамасында ойнағысы келетiнiн жасырған жоқ. 28 жастағы футболшы Кот-д’Ивуар елiнiң ұлттық құрамасына қабылдана алмады. Жасы отызға таяп, спорттық өлшемге салғанда жасамыс тартып бара жатқан Гоу әлем чемпионаттарының iрiктеу додасына қатысқанды, көңiлi өссе, әлем бiрiншiлiгiне де ойнағанды қош көредi. Кот-д’Ивуарда Жерар Гоудың шеберлiгiнен әлденеше есе асып түсетiн талантты футболшылар бар. Гоудың өзi кумир тұтатын Дидье Дрогба секiлдi саңлақтарды бұл елi әлi де өсiрiп шығарады. Гоуға өз елiнiң ұлттық құрамасында ойнау мүмкiндiгi тумаған соң басқа мемлекеттiң азаматтығын алуды қаламай қайтедi. Кот-д’Ивуар елiнiң ұлттық құрамасында ойнайтын футболшылар әлемнiң таңдаулы клубтарында доп тебедi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар