1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 желтоқсан 2016
Төраға – теннистiң президентi

ҚР Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисi федерациянының президентi болып тағайындалды. Үстел теннисi федерациясының кезектен тыс конференциясы өтiп, жаңадан тағайындалған президент пен ұжымның алдына үлкен тапсырма жүктелдi. Үстел теннисiнен спортшыларымыз Олимпиада ойындарына биыл ғана қатысты. Кирилл Герасименко жолда алып Рио Олимпиадасына қатысқанымен, iрiктеуден аса алған жоқ. Бақтықожа Iзмұхамбетов басқарғанда жазғы Олимпиада ойындарына 1 жолдама иелендiк. Ендi Қ.Тоқаев тiзгiндi алды. Токио Олимпиадасында үстел теннисiнен медаль бұйырып жатса, ат мiнiп, шапан киюдiң қызығын алдымен федерация президентi көретiнi ақиқат.

Кiшi Чавес: “ГОЛОВКИННЕН ЫҚПАЙМЫН!”
Мексикалық боксшы кiшi Чавес Хулио Сезар Геннадийге қарсы айқасқа түсуге дайын екенiн айтып жүр. Өзiнiң отандасы Сауль Альвареске қарсы айқасқысы келетiн кiшi Чавес “Альварестi айқасуға шақырдым, ол әлi келiсiмiн берген жоқ. Егер де Сауль сайысқа түсуден тайсақтаса, онда Головкинге қарсы жұдырықтасуға әзiрленемiн. Мен әрқашанда дайынмын” дейдi. Головкин үшiн ең басты мәселе 2017 жылдың көктемiнде өтетiн Дэниэль Джейкобсқа қарсы айқас қазiр.

 БАЙ БАПКЕР КIМ?
Францияның L’Equipe газетi Еуропа құрлығындағы футбол клубтарын баптайтын бапкерлердiң жалақысын санап көрiптi. Еуропада ең көп жалақы алатын бапкер – Луис Энрике. Каталондық “Барселона” клубын баптайтын маман айына 1,56 миллион еуро жалақы алады екен. Екiншi орында “Манчестер Ситидi” баптайтын Хосеп Гвардиола тұр. Оның айлық жалақысы – 1,48 миллион еуро. “Манчестер Юнайтедтiң” бапкерi Жозе Моуринью ай сайын 1,26 миллион еуро еңбекақы алады екен.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар