1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 қаңтар 2017
Сөзбен сыбауға бәрi үйiр

Геннадий Головкин Тауық жылындағы кезектi айқасын 18 наурызда өткiзетiнi белгiлi. Қоңыр күзден берi қарай демалыста жүрген жампоз американдық Дэниэль Джейкобсқа қарсы айқасына әзiрлiктi бастап, жаттығуға кiрiстi. 18 наурыз күнi Нью-Йорктегi Madison Square Garden кешенiнде өтетiн доданы тiкелей эфирден (ақылы түрде) НВО арнасы таратады. Головкин өзiне тиесiлi чемпиондық атағын қорғайды.


Әлемге әйгiлi комментатор Боб Шеридан Головкиндi өткен жылдың үздiк боксшысы деп атапты Ontheropesboxing.com порталына берген сұхбатында. HBO, ESPN, FOX һәм SHOWTIME арналарында комментатор қызметiн атқаратын Боб Шеридан бүй дейдi: “Менiң пайымдауымша, Геннадий Головкин – 2016 жылдың үздiк боксшысы. Әрине, Андре Уорд та, Теренс Кроуфорд та осал емес, жеңiл салмақтың серкесi, кәсiпқой бокста 46 жекпе-жек өткiзiп, ешкiмнен жеңiлмеген Роман Гонсалес те тамаша боксшы. Бiрақ менiң таңдауым – Головкин”.
Геннадий Головкин өткен жылы екi жекпе-жек өткiздi. Сәуiр айында американдық Доминик Уэйдтi нокаутпен ұтты, қыркүйекте британдық Келл Бруктi айқын басымдықпен жеңдi.
Талай жылдардан берi жарық көрiп келе жатқан Boxing News журналы да Геннадий Головкиндi “былтырғы жылдың ең үздiк боксшысы” деп атады.
18 наурыз күнi өтетiн айқас Головкиннiң кәсiпқой бокстағы маңызды жекпе-жектерiнiң бiрi саналатыны сөзсiз.
Осы күнде менеджер бiткен өздерiнiң командасындағы боксшыларды Головкинге қарсы салып, сөзбен сыбайтын әдет тапты. АҚШ-та ғана емес, әлемде үлкен беделге ие Геннадий Головкинге қарсылас атанғысы келетiндердiң бiрi – кубалық Эрисланди Лара. Лараның менеджерi кiшi Луис де Кубас қаражат мәселесi шешiлсе, Генадий Головкиндi жекпе-жекке шақыратындарын айтыпты. “Бiздiң түсiнбейтiнiмiз, Головкинге қарсы айқастан боксшылар қашып жүр” деген қауесет. Басқалар қашқан да шығар, ал бiз Головкинге қарсы айқасты ұйымдастыруға бейiлмiз. Одан бөлек кәсiпқой бокста ешкiм жеңе алмаған Деметриус Андрадеге қарсы айқасқымыз келедi” дейдi Кубас. Эрисланди Лара кезектi айқасын Юрий Форманға қарсы өткiзедi.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар