1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 қаңтар 2017
Бүгiн бастайды

Ел бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Алматының “Қайраты” бүгiн алдағы маусымға әзiрлiктi бастау үшiн Түркияға жол тартады. Оқу-жаттығу жиыны кезiнде футболшылар 19 қаңтарға дейiн әзiрлiк өткiзiп, алдағы маусымға шыңдалады. Оқу-жаттығу жиыны барысында Еуропаның бiрнеше клубтарына қарсы жолдастық матч өткiзуде жоспарда бар екен.
“Қайраттың” капитаны, 2014 жылдан берi осы клубтың намысын қорғап жүрген Бауыржан Исламхан премьер-лигадағы ең қымбат ойыншы деп танылды. Transfermarkt сайты Бауыржан Исламханның футбол нарығындағы трансферлiк құны 1 миллион 800 мың еуро деп бағалапты. Бұрын “Астана” клубының һәм ұлттық құраманың қорғаушысы Дмитрий Шомко мен Бауыржан Исламхан елiмiздегi ең қымбат футболшылар саналатын. Дмитрий Шомконың және Дмитрий Логвиненконың бағасы қазiр – 1 миллион 200 мың еуро. 1 миллион еуроға бағаланатын футболшылардың iшiнде “Қайраттың” қақпашысы Стас Покатилов, “Астананың” шабуылшысы Роман Мұртазаев бар.
Елiмiздiң ең қымбат футболшысы Бауыржан Исламхан премьер-лиганың былтырғы маусымындағы ең үздiк футболшы атағына да ие.


ТАУЫҚ ЖЫЛЫ ТАРТЫС КӨП

2017 жыл футболдан ұлттық құрамамыз үшiн маңызды болмақ. Өйткенi 2018 жылы өтетiн әлем чемпионатына iрiктеудiң қалған матчтары осы жылдың еншiсiнде. Талғат Байсуфинов баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасы әлем чемпионатының финалдық додасына iрiктеу аясында 4 матч өткiзiп, екi ойында ұтылып, екi ойында тең түстi. Қоржынымыздағы 2 ұпаймен Е тобында көштiң соңында тұрмыз.
Биылғы жылы футболшыларымыз iрiктеу аясында алты матч өткiзедi. 26 наурызда Армения құрамасына қарсы ойнайды. Одан кейiн бiздiң елге Дания құрамасы келедi. 10 маусым күнi өтетiн матчтан дат футболшыларының 1 ұпайды қомсынатыны белгiлi. Өйткенi олар да әлем чемпионатының финалдық додасына қатысуды мақсат тұтқан ұжым. 1 қыркүйекте Монтенегро (Қаратау) ұлттық құрамасымен өз жерiмiзде тартысқа түседi. 4 қыркүйекте Польша ұлттық құрамасы бiздiң жiгiттердi қабылдайды. 5 қыркүйекте Румынияда құрамамыз сынға түседi. 8 қазан күнi Армения ұлттық құрамасы бiздiң елге келедi.

«КЕЛIСКЕНIҢ ҮШIН ТӨЛЕЙIН»

Аралас жекпе-жектiң қас шеберi, ресейлiк спортшы Хабиб Нұрмагомедов американдық Тони Фергюсонға қарсы айқасты әбден тiлеп жүрсе керек. Түнеугүнi твиттердегi парақшасына былай деп жазды: “Тони Фергюсон, сен маған қарсы жекпе-жекке шығуға келiсiм бершi. Мен сенiң сол келiскенiңе 200 мың АҚШ долларын төлейiн, ақыры ол қаржыны UFC басшылығы төлегiсi келмейдi екен. Мен сенiң басқа да сылтау айтып, айқастан жалтармауың үшiн осылай iстеймiн”.
Хабиб Нұрмагомедов Тонидi тоқпақтағысы келсе, UFC президентi Дана Уайт Хабиб бразилиялық Жозе Альдоға қарсы айқасудан бас тартты деп мәлiмдедi. Тонидiң де тiлi усойқы ғой, аралас жекпе-жекте ешкiмнен жеңiлмеген Хабибтi “қағаз жүзiндегi чемпион” деп кекеткен көрiнедi.

ӘЛЕМДIК РЕКОРД ӘДIРЕМ ҚАЛА МА?

Жеңiл атлеттердiң әлемдiк рекордты жаңартқан жетiстiктерiн жойып, жылнаманың жаңа парағын ашу мәселесiн ертеректе Ұлыбритания жеңiл атлетикасын басқаратын Эу Уорнер көтерген едi. Ендi мiне, осы мәселеге Спорт баспасөзi халықаралық ассоциациясының (AIPS) басшысы Джанни Мерло да үн қосты. Джанни Мерло жеңiл атлетиканың да басына допинг дауы iлiнген соң спортшылардың әлем чемпионттарында, жазғы Олимпиада ойындарындағы рекорд жаңартқан көрсеткiштерiне күдiк көбейдi деп, Жеңiл атлетиканың халықаралық федерациясын (IAAF) басқаратын Себастьян Коуға ұсыныс хат жолдаған. Хатта жеңiл атлеттердiң рекордтарын жоққа шығарып, тарихқа жаңа деректердi тiзудi ұсыныпты. Басынан дау арылмаған жеңiл атлеттердiң рекорды жойылса, басқа-басқа ресейлiк Елена Исинбаева мен ямайкалық Усейн Болтқа қиын соғады. Сырықпен секiрушi Елена Исинбаева 28 рет әлем рекордтын жаңартты. Ал әйгiлi желаяқ, Усейн Болттың сегiз рет жаңартқан әлемдiк рекорды жойылуы мүмкiн. 100 метрге жүгiруде 9.58 секундта өтiп, рекорд жаңартқан Болттың өзi болдыра бастады қазiр. Жасы отыздан асқан желаяқтың жаңартқан рекордтары жойылар болса, ол бұрынғы биiгiне қайта көтерiле алмауы мүмкiн. “2017 жылы жүгiрудi доғарамын” деген Болттың әлемдiк рекордтарын жою үлкен қиянат жасаумен пара-пар. Жеңiл атлеттердiң iшiнде допинг дауына шатылғандардың денi – ресейлiк спортшылар. Канадалық заңгер, тәуелсiз сарапшы Ричард Маклареннiң допинг дауына қатысты оқыған баяндамасында Ресейдiң бiр емес, 200-ге жуық спортшысының есiмi аталыпты. “Бiрдiң кесiрi мыңға тиедi” деген осы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар