1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (16188) 10 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 қаңтар 2017
Тәуiр нәтиже көрсеттi

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңi өтiп, Галина Вишневская 4-орынға тұрақтады. Әлем кубогының кезеңiне 25 спортшы қатысқан болатын. Галина масс-старт сайысында да үздiк бестiкке ендi. Нысана көздеуде бiр мүмкiндiгiнен мүлт кеткен жерлесiмiз көмбеге төртiншi болып жеттi.  Вишневскаяның әлем кубогының кезеңiнде 4-орын алуы – орасан жетiстiк бiз үшiн. Өйткенi елiмiздiң қыздары биатлоннан әлем кубогында мұндай нәтиже көрсете алған емес.

Алғашқы ойында ұтылды

Хоккейден 18 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионаты Польшаның Катовице қаласында басталды. Елiмiздiң бойжеткен хоккейшiлерi алғашқы ойында ұтылды. Қытайдың қыздарына қарсы ойнаған хоккейшiлерiмiз 4:1 есебiмен жол бердi.
1 дивизионның В тобында сынға түсетiн қыздарымыз ендi Польша, Италия, Дания, Ұлыбритания қыздарына қарсы айдынға шығады.

Максимович «Валенсияға» ауысты

“Астана” клубының сапына 2015 жылдың ақпан айында ауысып келген сербиялық футболшы Неманья Максимович Испанияның “Валенсия” клубына ауысты. Еуропалық ақпарат құралдарының жазғаны рас болса, Максимович “Валенсия” басшылығымен бес жылдық келiсiмшартқа қол қойыпты.
“Астана” клубымен футболшының келiсiмшарты осы жазда түгесiледi. Әзiрге ол испандық клубтың қатарына қосыла қойған жоқ.
Қазақстан премьер-лигасында ойнаған футболшылардың iшiнде алғаш болып Испания чемпионатында доп тебетiн Максимович “Астана” сапында екi рет ел чемпионы атанды, Қазақстан кубогын иелендi. Сербияның жастар құрамасында ойнағанда әлем чемпионы атанды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті