1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 қаңтар 2017
Ұпай олжалады

Санкт-Петерборда өтiп жатқан “Гранаткин мемориалында” бiздiң футболшылар 1 ұпайын еншiледi. 19 жасқа дейiнгi футболшылар арасындағы тартыстың алғашқы матчын Словакия жастар құрамасына қарсы өткiзген жiгiттер 0:0 есебiмен тарқасты. Бiздiң футболшылармен бiр топқа түскен Литва жастары Әзiрбайжан жастар құрамасын 2:1 есебiмен ұтып кеттi. Кеше елiмiздiң бозбала футболшылары әзiрбайжандық құрдастарына қарсы алаңға шықты.


                                                                                        КИПРГЕ ҚАРСЫ
Футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы Кипрдiң Никосия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткiзедi. 20-24 наурыз аралығында өтетiн жаттығу жиыны кезiнде Кипр ұлттық құрамасына қарсы жолдастық матч өткiзедi. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлiмдедi. Жолдастық матч 22 наурыз күнi өтедi. Ұлттық құрама содан кейiн 26 наурызда Ереванда Армения ұлттық құрамасына қарсы ойнайды.


                                                                   БРИТАНИЯДА БАСТАП, АҚШ-ТА АЯҚТАЙДЫ
Кәсiпқой бокста 26 жекпе-жек өткiзген 33 жастағы Жанат Жақиянов биылғы жылдағы алғашқы айқасын 11 ақпан күнi АҚШ-тың Толедо қаласында өткiзедi. 26 жастағы американдық Роуши Уорренге қарсы айқасатын Жақиянов WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеуге таласады. Жанат осы айқасқа әзiрлiктi қазiр Ұлыбританияда өткiзiп жүр. Ақпан айындағы айқасқа дайындықты АҚШ-та аяқтайды.

                                         БОКСШЫЛАР ӘЗIРЛIКТI БАСТАДЫ
Алматы облысы Талғар ауданындағы АIВА-ның бокс академиясында ұлттық құрама мүшелерi оқу-жаттығу жиынын бастады. Жиынға әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңiмпазы Данияр Елеусiнов пен жазғы Олимпиаданың екi дүркiн қола жүлдегерi Иван Дычко қатыспапты. Бұл екеуi бас бапкер Мырзағали Айтжановтан сұранса, әлем чемпионы Жәнiбек Әлiмханұлы жарақатын емдетiп жүргендiктен жаттығуға келмептi. Одан сырт Бiржан Жақыпов пен Берiк Әбдiрахманов спортты доғарған, Рио Олимпиадасына қатысқан Олжас Сәттiбаев “Астана арландары” клубының намысын қорғайды. Ұлттық құраманың өзге боксшылары оқу-жаттығу жиынында жүр.

                                                                МАЛАЙ – ФЕРЕНЦ ПУШКАШ ИЕГЕРI
2016 жылы ең тамаша соғылған голдың иесi болып малай футболшысы Мохда Фаиз Субри танылды. Ференц Пушкаш атындағы сыйлықты Субриге әйгiлi футболшы, әлем чемпионы бразилиялық Роналдо тапсырды. Мохданың “Паханг” клубының намысын қорғап, Малайзия чемпионатында тамаша гол соқты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті