1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
12 қаңтар 2017
48 құрама қатыса ма?

ФИФА-ның Цюрихте өткен конгресiнде 2026 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатында 32 команда емес, 48 құрама ойнайтыны жайлы бастама көтерiп, кеңес мүшелерi ұсынысты бiрауыздан қолдапты.
Әр құрлықтағы елдердiң әлем чемпионатына қатысу мүмкiндiгiн молайту мақсатында ұсынылған жоспар бойынша 48 құрама 16 топқа бөлiнедi екен. Яғни әр топтағы үш команда өзара ойнап, 1,2-сатыға орныққаны сайысты жалғастыруға мүмкiндiк алса, көш соңындағы құрама елдерiне қайтады. Әлем бiрiншiлiгiне қатысатын команда саны еселеп артқанымен, матчтардың өту мерзiмi ұзармайды, әлем чемпионаты бұрынғыдай бiр айдың iшiнде түгесiлуi тиiс.
Әлем чемпионатына қатысатын команда саны тағы да 16 ұжымға артты. Ендi оны құрлыққа қалай бөледi? ФИФА-ның кубогы үшiн өтетiн төрт жылдық додаға Еуропа құрлығынан бұған дейiн 14 құрама қатысып келсе, ендi 16 командаға мүмкiндiк бермек. Яғни Еуропа құрлығынан тағы екi ұжым қосылады деген сөз. Азия құрлығынан қатысатын командалардың саны еселенiп артады. Мысалы, бұрын үш-төрт команда қатысып келсе, ендi жетi-сегiз ұжым ойнауы мүмкiн. Солтүстiк, Орталық және Оңтүстiк Америка құрлығынан да қатысатындардың саны көбейедi.
Әлем чемпионатына 48 команда қатысатын болса, бiздiң құрама үшiн қуануға ертерек. Өйткенi Еуропа құрлығына бөлiнетiн квота көп емес, тиiсiнше бәсеке де жоғары. Есесiне, өзбектер бiздi шаң қаптырып, әлем чемпионатының финалдық додасында ойнауы ғажап емес. Өйткенi Азия құрлығының квотасы екi еселенедi де, командалардың әлем чемпионатына қосылуына жол ашпақ. Өзбекстан ұлттық құрамасы қазiрдiң өзiнде Н тобында 8 матчтан 21 ұпай жинап, көш бастап келедi. Олар осы қарқынынан таймаса, келесi жылы Ресейде өтетiн әлем чемпионатына да қатысуы мүмкiн. Азия құрлығы бойынша әлем чемпионатының финалына iрiктеудi В тобында өткiзiп жүрген Қырғызстан ұлттық құрамасының да Ресейдегi додадан үмiтi зор. Олар өз тобында 3-сатыда тұр, еншiлерiнде 14 ұпай бар.
Бiздiң жiгiттер әлем чемпионатына iрiктеудi Е тобында өткiзiп, осы уақытқа дейiн 4 матчтан 2 ұпай олжалады. Әзiрге бiздiң құрама көш соңында келедi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар