1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 ақпан 2017
Шынығуға шетел келдi

Алматы облысы, Талғар ауданындағы АИБА бокс акадесиясында елiмiздiң ұлттық құрамасы Германия және АҚШ боксшыларымен бiрлескен оқу-жаттығу жиындарын өткiзiп жатыр. Бокстан елiмiздiң ұлттық құрамасы биылғы жылдағы екiншi жаттығу жиынын 6 ақпанда бастады. 20 ақпанға дейiн жалғасатын жаттығу барысында үш елдiң боксшылары бiр-бiрiмен жекпе-жекке де түсiп, шеберлiктерiн сынап көредi. Бокстан биылғы жылғы Азия чемпионаты Индонезия елiнде өткiзiледi деп белгiленген болатын. АИБА-ның ресми сайтындағы жарыстардың жоспарына өзгерiс енгiзiлiп, Азия чемпионаты Джакартада емес, Ташкентте өтетiн болып шешiлiптi. Индонезия құрлық додасына қаржы таппай қиналса керек, Азия чемпионатын Өзбекстан қабылдайтын болды. Бұл елде бұған дейiн екi мәрте ұйымдастырылды. 1995 және 1999 жылы Азия чемпионатын Өзбекстан өткiздi.
Осы додада күзге қарай Германияда өтетiн әлем чемпионатына қатысу мүмкiндiгi де қарастырылады. АИБА 2015 жылдан бастап боксшыларды әлем чемпионатына қатыстырмас бұрын бiр сынақтан өткiзудi жөн санап осындай шешiм шығарды. Әр құрлықтың бiрiншiлiгi ұйымдастырылып, сол сайыста дараланған саңлақтарды сұрыптап, содан соң ғана әлем чемпионатына қатыстыру бокстың беделiн арттыра түсетiн көрiнедi. 2015 жылы Катар елi өткiзген әлем чемпионатына да боксшылар әр құрлықтағы iрiктеуден кейiн қатысқан болатын.
Бас бапкер Мырзағали Айтжанов бiздегiдей АҚШ құрамасында да буын алмасу процесi жүргенiн айтады. “АҚШ боксшылары Рио Олимпиадасынан кейiн кәсiпқой боксқа ауысып кеттi. Сондықтан да ұлттық құрамаға жастар шақырту алды. Елiмiзге келген делегациясында жастар көп. Бiз наурыз айында Германия елiнде оқу-жаттығу жиынын өткiземiз. Күзге қарай бұл елде әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Сол себептi де боксшыларымыз климатына бой үйретсiн, алдын ала барлап көрсiн деп осы шешiмге тоқтадық” дейдi М.Айтжанов.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар