1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
16 ақпан 2017
Каталондықтар айран-асыр

Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасы 8/1 финалының бiрiншi матчтары өттi. Париждiк “ПСЖ” каталондық “Барселона” клубын 4:0 есебiмен iрей жеңдi. 18-минутта Анхель Ди Мария айып соққысынан гол соқты. 40-минутта Юлиан Дракслер нәтиженi еселеп бердi.Ди Мария 55-минутта екiншi голын тоғытса, Эдисон Кавани 72-минутта төртiншi голды соқты. Қарымта ойын 8 наурызда Барселонада өтедi. “Барселона” соңғы рет УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына соңғы рет 2006-2007 жылғы маусымда шыға алған жоқ. Оларға ендi өз алаңдарындағы қарымта ойын аса қиынға соғады. Каталондықтар үшiн тағы бiр жағымсыз статистика бар. Чемпиондар лигасының тарихында 4:0 есебiмен ұтылған клубтар ешқашан да қарымта ойында iрей ұтып, келесi кезеңге өткен емес.
Сейсенбiдегi матчта Анхель Ди Мария – 29, Эдисон Кавани 30 жасқа толды. Екi футболшы да туған күнiнде командасына маңызды жеңiстi сыйлады. 2008 жылдан берi қарай “Барселона” еурокубоктың ойындардың бiрiншi матчында өз қақпасына 2 гол соқтырмай келген-дi . “ПСЖ” футболшылары каталондық жанкүйерлерге майдай жағатын осы статистиканы да күл-талқан еттi. Футболға болжам жасап жан бағатындар да, каталондық клубтың жанкүйерлерi де ойынның осылай аяқталғанына айран-асыр болып отыр.
14 ақпанда 8/1 финалдың тағы бiр матчы Португалияда өттi. “Бенфика” дортмундтық “Боруссия” клубын 1:0 есебiмен жеңдi. Жеңiс голын 49-минутта Костас Митроглу соқты.
Кеше түнде мадридтiк “Реал” “Наполиге”, “Бавария” “Арсеналға” қарсы ойнады.

БОЛЖАМНЫҢ БӘРI БОЛА БЕРМЕЙДI
Қысқы Олимпиада ойындары келесi жылы Оңтүстiк Кореяның Пхенчхан қаласында өтедi. “Gracenote” статистикалық агенттiгi қысқы Олимпиада ойындарында медаль алу мүмкiндiгi жоғары елдердi атапты. Агенттiктiң болжауынша Олимпиада медальдарын әлемнiң 29 елi еншiлейдi екен. Сол жүлде алатын мемлекеттер тiзiмiнде Қазақстан жоқ. “Gracenote” бейресми есеп бойынша Норвегия спортшылары топ жарып, Германия мен АҚШ елiнiң спортшылары үштiктi түйiндейдi дейдi. Тiптi Дарья Домрачева (үш дүркiн Олимпиада чемпионы) секiлдi саңлағы бар Украина, Хорватия елдерi де Оңтүстiк Корея елiнен құр қол қайтады-мыс. Агенттiк қысқы спорт түрлерi бойынша өтiп жатқан әлем кубогының кезеңдерi, гран-при додалары, әлем чемпионаттарының нәтижесiне қарап бал ашатыны белгiлi. Десе де бұлардың айтқаны айдай келмейтiнi анық. Агенттiк “Қазақстан спортшылары Рио Олимпиадасынан 4 алтын, 3 күмiс, 9 қола медаль иеленедi” деп тон пiштi. Бiздiң елдiң саңлақтары 3 алтын, 5 күмiс, 9 қола медальмен оралды.
Келесi жылы Оңтүстiк Корея елiндегi қысқы Олимпиада ойындарында Нұрберген Жұмағазиев, Айдар Әжiғалиев, Жанбота Алдабергенова, Денис Тен секiлдi таланттардан жүлде күтемiз. Олар қашан да намыс туын төмен түсiрмеуi тиiс.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Биатлоншы | 16 ақпан 2017 13:57
Дарья Домрачева Белоруссия елінің саңлағы!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар