1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 наурыз 2017
«БАРЫС» ГАГАРИН КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

ҚХЛ плей-офф кезеңінің 1/8 финалында Астананың «Барыс» командасы «Трактор» (Челябі, Ресей) командасын қапы қалдырды. 6 матчқа созылған серия «Барыстың» жеңісімен тәмамдалды – 4:2. Астаналықтар өз тарихында екінші рет Гагарин кубогының ширек финалына шығып отыр. Бұған дейін 2013/2014 маусымында «Барыс» 1/8 финалда «Автомобилисті» (Екатеринбор, Ресей) бас көтертпей 4:0 есебімен ұтып, ширек финалда «Салауат Юлаев» (Уфа, Башқұртстан) командасына 2:4 есебімен жол берді. Биыл бұл кезеңдегі қарсылас – Магнитогордың (Ресей) «Металлург» командасы.
«Металлург» Гагарин кубогын 2 рет ұтып алды. 2013/2014 маусымында магнитогорлықтар финалда «Лев» (Прага, Чехия) командасын 7 матчқа созылған серияда 4:3 есебімен қапы қалдыр-
ды. Ал өткен маусымда, яғни 2015/2016 маусымында «Металлург» Гагарин кубогы үшін Мәскеудің ЦСКА командасымен текетіресіп, 4:3 есебімен таразы басын өзіне аудара алды.
«Барыс» пен «Металлург» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңінде бұған дейін бір рет тоқайласты. 2011/2012 маусымында магнитогорлықтар басым болды – 3:4. Бұл жолы да мамандар «Металлургтың» бағы басым болатынын айтып отыр. Бірақ бәрін айдындағы ойындар шешетіні күмәнсіз.
Қос қарсылас ширек финал матчтарын Магнитогорда бастайды. 9 және 11 наурызда осы қалада 2 кездесу өткізген соң, 13 және 15 наурызда Астанадағы «Барыс-Аренада» күш сынасады. 4 матчта жеңімпаз анықталмаса, 17 наурызда – Магнитогорда, 19 наурызда Астанада айдынға шығып, соңғы ойынды қайтадан Магнитогордағы «Арена Металлургте» өткізеді.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар