1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 наурыз 2017
«ҮЛКЕН ШОУҒА ДАЙЫНМЫН»

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 18 наурыздағы жекпе-жекке сақадай сай екенін мәлімдеді. Бұл күні қарағандылық боксшы Нью-Йорк (АҚШ) қаласындағы «Медисон Сквер Гарден» кешенінде америкалық Даниел Джейкобспен қолғап түйістіреді.

– Бұл үлкен шоу болады. Мен дайынмын. Қарсыласым да дайын. Үлкен сый әзірлеп жатырмын. Даниелді бірнеше рет көрдім. Оның деңгейі қандай екенін білемін. Біздің жекпе-жек жанкүйерлер үшін керемет сый болмақ. Жеңіске жету үшін бар шеберлігімді көрсетуге дайынмын», – деді Головкин.
Г.Головкин кәсіпқойлар арасында 36 кездесу өткізіп, оның 33-ін нокаутпен аяқтады. Қарсыласы Д.Джейкобс те құралақан боксшы емес. Ол 32 жекпе-жектің 29-ын нокаутпен аяқтаған, алайда бір кездесуде қарсыласына есе жіберген.
Жақында промоутер Т.Лефлер алдағы күзде Головкин-Альварес кездесуінің өту мүмкіндігі артып келе жатқанын мәлім етті. «Егер Канело Альварес Головкинмен жекпе-жекке келісетін болса, баяғы Флойд Мейвезермен кездесуіндегіден де көп сыйақы алар еді», – деді ол. 2013 жылдың күзінде Канело Мейвезермен кездесіп ұтылса да, 5 миллион доллар сыйақыға ие болған-ды.
Канело 6 мамыр күні Лас-Вегаста (АҚШ) отандасы Х.С.Чавеспен кездеседі. Осы жекпе-жектен кейін Головкин-Альварес кездесуінің нобайы айқындала түсуі мүмкін.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар