1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 наурыз 2017
СУПЕРКУБОК – «ҚАЙРАТТА»

4 наурыз күні Алматыда «Қайрат» пен «Астана» Қазақстан суперкубогын сарапқа салды. 13 500 жанкүйер тамашалаған ойын өте қызықты өтті. Өткен жылы чемпиондық атақты да, ел кубогын да ұтып алған «Астана» негізгі құрамға
И.Маевский, А.Лулаку секілді жаңа футболшыларын бірден қойса, «Қайрат» Е.Ахметовті ғана бірінші минуттан ойынға қосты.
Суперкубок соңғы үш жылда осы екі үздік команданың жүлдесіне айналып келеді. 2015 және 2016 жылдары екеуі бірін-бірі ала алмай, ең бастысы, негізгі және қосымша уақытта гол соға алмай, пенальти сериясына жүгінуді әдет қылған-ды. Өткен жылы осы жүлдені қанжығасына бөктерген соң, ресейлік маман Александр Бородюк көп ұзамай «Қайраттан» кетіп қалған-ды.
Соңғы рет суперкубокта гол 2014 жылдың 9 наурызында «Ақтөбе» – «Шахтер» матчында енгізілді. Қарағандылықтардың қақпасын 68-минутта дәл көздеген бразилиялық легионер Данилу Неку «Ақтөбенің» жеңісіне жол ашып еді. Содан кейін 3 жыл өткенде барып қана суперкубок матч нәтижелі болды. «Астана» – «Қайрат» кездесуінде алматылықтардың орталық қорғаушысы Сесар Арсо 77-минутта, Исламбек Қуат 90+3 минутта гол соғып, «Қайрат» жеңісін паш етті.
«Қайрат» екінші жыл қатарынан суперкубок иегері атанып отыр. Жалпы, Қазақстан тарихында бұл жүлдені ең көп иеленген команда – «Ақтөбе». Бұл команда 2008, 2010 және 2014 жылдары жеңіске жетті.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар