1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 наурыз 2017
Галышева күмістен олжа салды

Испанияның Сьерра-Невада қаласында шаңғы фристайлынан өтіп жатқан әлем чемпионатынан қуанышты хабар жетті. Отандасымыз Юлия Галышева қатар могул бағдарламасында күміс медаль жеңіп алды. Ол могулда дара шыққан Перин Лафонды (Франция) алға салып, екінші нәтиже көрсетті. Қола жүлдені америкалық фристайлшы Жаелин Кауф иеленді. Аялуым Әміренова бұл сынды 20-орынмен қорытындылады.

Ю.Галышева екінші рет әлем біріншілігінің жүлдесіне қол жеткізіп отыр. 2015 жылы ол Австрияның Крайшберг қаласында өткен додада дәл осы қатар могулда қола медаль тағынған еді. Қазақстандық могулшылар ішінде Галышева әлем чемпионаттарында жүлде алған жалғыз спортшы болып саналады.
Сьерра-Невададағы жарыстың алғашқы күні спортшылар могул бағдарламасы бойынша сынға түсті. Юлия Галышева іріктеу кезеңінде 10-нәтиже көрсетті. Финалда 77,97 ұпай жинап, үздік жетілікті түйіндеді.
Австралиялық Бриттени Кокс 83,63 ұпаймен әлем чемпионы атанса, күміс жүлде – Перин Лафонға (Франция), қола жүлде Жастин Дюфо-Лапонтьеге (Канада) бұйырды. Отандасымыз Аяулым Әміренова 61,19 ұпай жинап, 24-сатыға тұрақтады.
Ерлер арасында жапон спортшысы Икума Хоришима әлем чемпионы атанды. Ол 88,54 ұпай жинады. Бенжамин Каве (Франция) – екінші, Микаель Кингсбюри (Канада) үшінші нәтиже көрсетті. Отандастарымыз Д.Рейхерд –18 орын (74,98 ұпай), П.Колмаков – 27, (73,85), Олег Цин 37 (60,38) орын иеленді. Ерлердің қатар могул жарысы кеше кешке аяқталды.
Жалпы, биылғы маусымды Ю.Галышева үшін аса сәтті деуге болады. Ол жарысты Германияның Карпун қаласында 2016 жылдың қараша айында бастап, осы елдің ашық біріншілігінде могул сынында 12-орын алды. Одан кейін Әлем кубогының Финляндияда, АҚШ-та, Канадада өткен 4 кезеңіне қатысты. Мұндағы ең жоғары нәтижесін Калгари (Канада) қаласында көрсетіп, 7-орынға тұрақтады. Алматыда өткен Бүкіләлемдік универсиадада Галышева екі бағдарламада да жоғары ұпай жинап, чемпион атағына қол жеткізді.
Кореяның – Пьенчан, Жапонияның Тазавако қалаларына ойысқан Әлем кубогы кезеңдерінде де отандасымыз жүлдеден сырт қалған жоқ. Тазавакода қосар могулда ол 800 ұпай жинап, күміс тұғырға көтерілді. Саппорода (Жапония) өткен Қысқы Азия ойындарында Галышева қатар могул бағдарламасында қарсыласының бәрін қапы қалдырып, чемпион атағына қол жеткізді.
Енді, міне, осы жеңісті жол Испанияда жалғасын тауып отыр. Келесі жылы Пьенчанда өтетін Қысқы олимпиадада Галышева біздің басты үмітіміздің бірі болмақ. Естеріңізде болса, Юлия осыған дейін олимпиадаға қатысты. 2010 жылғы Ванкувер олимпиадасында ол могулдан финалға шығып, 11-орынға тұрақтады. Ал 2014 жылы Сочиде көрсеткішін едәуір жақсартып, могулда 7-орынға табан тіреді. Пьенчан олимпиадасында жүлдегер қатарына енсе, Қазақстан спортының елеулі табысы болып саналар еді.
Қазір әлемде Галышеваның негізгі қарсыластары – Лафон мен Дюфо-Лапонтье. Апалы-сіңлілі Жастин мен Члое Дюфо-Лапонтьелер әлі де қатардан қалатын емес.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар