1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 наурыз 2017
Сары құрлықта сынға түседі

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы мәреге жетті. Бұл жарыстың қорытындысы бойынша құрама жасақталып, 21 сәуірде Ашгабатта (Түркменстан) өтетін Азия чемпионатына қатысады. Бас бапкер Юрий Мельников Қазақстан кубогында көрсетілген нәтижелердің Сары құрлық сынына дейін жақсара түсетініне сенімді. «Біздің уақытымыз бар. Осы кезеңде дайындықты күшейтіп, атлеттердің бабын арттыра береміз» дейді бас бапкер.
Алдын ала жасақталған тізім бойынша, Азия чемпионатында ел намысын Айдар Қазов, Семен Линдер, Альберт Линдер, Рүстем Сыбай және Селімхан Әбубакаров қорғайды. Селімханның жарақаты толық жазылған жоқ, дегенмен сәуір айына дейін бабына ене алады.
Әйелдер арасында құрлық сынына Майра Файзуллаева, Әсем Садықова, Сәуле Сәдуақасова, Әсел Аманкелді, Александра Аборнева және Айзада Мүптілдә қатысады.
Қазақстанның ауыр атлетикасы қазір буын алмасу кезеңін кешіріп жатыр. Қос олимпиаданың алтынын қайтарып берген Илья Ильин, сондай-ақ, екінші рет допингпен айыпталған Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев сынды спортшылар ұзақ уақытқа шеттетілді. Лондон олимпиадасының чемпиондары Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедовалар да алтынды кері қайтарды. Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Ирина Некрасованың да, қола жүлдегер Мария Грабовецкаяның да сынамасынан оң нәтиже табылып, жүлдесіз қалды.
Дегенмен 2008 жылы Бейжіңде күміс алған Алла Важенинаға, сондай-ақ, 2016 жылы Риода IV орын алған Денис Улановқа сапасы жоғары медальдардың табыс етілуі кешігіп жатыр. Важенинаның салмағында олимпиада чемпионы атанған қытай қызы Сао Лейдің допинг сынамасы расталып, ХОК оны алтыннан айырып үлгерді. Бірақ әлі ресми алтын медаль күміс жүлдегер Важенинаға табысталған жоқ. Ал Риода 94 келіде қола жүлдені румын Габриель Сынкраян иеленген еді. Ол біздің Улановпен тең нәтиже көрсеткенмен, салмағының сәл жеңілдігінің арқасында қоланы иеленіп кеткен-ді. Алайда оның да қанынан рұқсат етілмеген препарат ізі табылды. Енді қола жүлде біздің Дениске бұйыруға тиіс.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар