1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 наурыз 2017
Қазақстан алға жылжыды

Ақпан айының қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты алға жылжып, 94-орынға көтерілді. Жыл басынан бері бас командамыз ешқандай матч өткізген жоқ. Алғашқы ондық өзгеріссіз тұр. Аргентина (1644 ұпай), Бразилия (1534), Германия (1443), Чили (1389), Бельгия (1379), Франция (1318), Колумбия (1312), Португалия (1240), Уругвай (1200), Испания (1162) құрамалары қатарын сетінеткен жоқ.
ТМД құрамалары ішінде Украинаның көрсеткіші жақсы. Андрей Шевченко шәкірттері 798 ұпаймен 31 сатыда тұр. Украиналықтар қаңтар айында 30 орында болған еді. Демек, бір саты төмендеген. Ресей – 60, Өзбекстан – 63, Беларусь – 72, Армения – 85, Әзірбайжан 89 орындарда қалған. Қазақстан еншісінде 357 ұпай бар.
Қазақстан құрамасы ендігі кездесуін 22 ақпанда Кипр құрамасымен өткізеді. А.Бородюктің бас бапкер ретінде алғаш тізгін қағатыны да осы ойын. Одан кейін 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында отандастарымыз Ереванда Армения құрамасына қарсы ойнайды. Е тобында Қазақстан 2 ұпаймен соңғы орында келеді. Бір саты жоғары тұрған Арменияның 3 ұпайы бар.
Жалпы, А.Бородюк Қазақстан құрамасы тарихындағы 14-бас жаттықтырушы. Оған дейін бас командамыздың тізгінін Б.Байсейітов, Б.Баймұхамедов, С.Бердалин, С.Гороховодацкий, В.Талғаев, В.Фомичев, В.Масудов, Л.Пахомов (Ресей), С.Тимофеев, А.Пайперс (Голландия), Б.Шторк (Германия), М.Беранек (Чехия), Ю.Красножан (Ресей), Т.Байсуфинов сияқты мамандар ұстаған. Өз тарихында Қазақстан құрамасы 175 матч өткізді.


АРСЕН ЖӘНЕ «АРСЕНАЛ»...
1/8 финал. Қарымта кездесулер.
«Барселона» – «ПСЖ» – 5:1 (Суарес, 3, Курзава, 40-өз қақпасына, Месси, 50-пенальтиден, Неймар, 88, 90+1-пенальтиден, Серхи Роберто, 90+5 – Кавани, 62)
«Арсенал» – «Бавария» – 1:5 (Уолкотт, 20 – Левандовски, 55-пенальтиден, Роббен, 68, Дуглас Коста, 78, Видаль, 80, 85)
«Боруссия» – «Бенфика» – 4:0 (Обамеяң, 4, 61, 85, Пулишич, 59)
«Наполи» – «Реал» М – 1:3 (Мертенс, 24 – Серхио Рамос, 51, Мертенс, 57-өз қақпасына, Мората, 90+1)
Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан 4 команда белгілі болды. «Барселона» өз алаңында «Пари-Сен-Жерменді» 6:1 есебімен ойсырата ұтып, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең айтулы «камбек» жасады. Бірінші матчта ПСЖ каталондықтарда 4:0 есебімен жеңген-ді. Бірақ «Барселонаның» бұл табысын әркім әртүрлі бағалап жатыр. Мамандар ПСЖ қақпасына белгіленген 2 пенальтиге де күмән келтіреді. Жалпы, матчтың қаһарманы Неймар болғанына ғана ешкімнің дауы жоқ.
«Арсенал» өз алаңында да 1:5 есебімен ұтылып, «Бавариядан» 2 ойын қорытындысында 10 гол жіберді. Жанкүйерлер бас бапкер Арсен Венгерге қатты шүйлігіп, «маусым соңында кетуге тиіс» деседі. Осыған байланысты «Арсеналдың» басқарма төрағасы Чипс Кесуик арнайы мәлімдеме жасап, бәрі саналы түрде шешілетінін мәлімдеді. А.Венгердің келісімшарт мерзімі жазда аяқталады. Егер оны ұзартатын болса, команда басшылығы жанкүйерлердің ашуына килігері сөзсіз. Сондықтан «Арсенал» мен Арсеннің жылға созылған одағы құлайтын секілді. Осы уақыт аралығында Венгер 3 рет – Англия чемпионатын, 6 рет – Англия кубогын, 6 рет Англия суперкубогын ұтып алды. 2006 жылы ол «Арсеналды» Чемпиондар лигасының финалына жеткізді, бірақ «Барселонаға» жол берді.
«Боруссия» бірінші кездесуде 0:1 есебімен жеңілген соң, қарымта кездесуде «Бенфиканың» шаңын қақты. Әзірше ширек финалға шыққан 2 команда – Испаниядан, 2 команда Германиядан болып отыр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар