1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 наурыз 2017
Қанатты елі ардақтады

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам Талдықорғанда жанкүйерлерімен кездесті.
Кездесу барысында облыс ақсақалдары батырға ақ бата берді, жанкүйерлер ат мінгізіп, шапан жапты.
– Құрмет көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін. Алда әлі бағындыруға тиіс белестер көп. Қазақты әлемге таныту үшін тынбай еңбек етемін, – деді Қанат.
Отандасымыз 18 ақпан күні АҚШ-та бразилиялық Робсон Ассиспен кездесіп, І раундта нокаутқа түсірді. Алғашқы минуттарда қабағы жарылып кеткен Қанат содан кейін тынбай шабуылдап, қарсыласын естен тандырды. «Егер шұғыл тәуекелге бармасам, төрешілер мені ІІ раундқа мүлде жібермей қоюы мүмкін еді. Жоспарсыз жеңіліске душар болғым келмеді», – деді Қ.Ислам бұл жекпе-жек жайлы.
Алдағы кездесуін Ислам ЭКСПО көрмесі аясында жазда Астана қаласында өткізуі мүмкін. Қазір көрме бағдарламасына айтулы бокс кешін енгізу мәселесі толық шешімін тапқан сияқты.
 

«ТОБЫЛ» МЕН «ОРДАБАСЫ» ОЙҚАСТАЙДЫ
Қазақстан премьер-лигасы.
І тур. 8 наурыз
«Тобыл» – «Атырау – 3:0 (Щеткин, 14, 58, 64)
«Ордабасы» – «Астана» – 3:0 (Төлебек, 15, Нұрғалиев, 74, Диакате, 88)
«Ертіс» – «Ақжайық» – 2:1 (Дарабаев, 46, Живкович, 88-пенальтиден – Ортис, 83)
«Қайсар» – «Окжетпес» – 1:0 (Николич, 90+2-пенальтиден)
«Тараз» – «Шахтер» – 0:0
«Қайрат» – «Ақтөбе» – 1:0 (Гоу, 65)
Қазақстан премьер-лигасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сөреден аттанды. Мерекеге қарамастан, стадиондарға жиналған жанкүйер саны да көңілімізді түсірген жоқ. Мысалы, Алматыдағы «Қайрат» – «Ақтөбе» кездесуіне 10 мың адам жиналса, Шымкенттегі турдың басты матчын көзбе-көз 7 мың адам тамашалады.
Биылғы футбол аламаны басталмай жатып-ақ айыпқа ұшырағандар болды. «Атырау» командасы өз сапында 2012 жылы өнер көрсеткен бразилиялық Жонатасқа және бас бапкер Зоран Вуличке тиесілі еңбекақыны уақытында төлемегені үшін 9 ұпайынан айырылды. Егер аз уақытта шығынды өтемесе, «мұнайшылар» тағы 6 ұпайынан айырылуы мүмкін. Сондықтан 6-7 тур өткенше «Атырау» аутсайдерлер қатарында тұра береді. І турда бұл команда сырт алаңда «Тобылдан» ірі есеппен ұтылды. Енді серпілмесе, -9 ұпайды 0-ге айналдыруға да біраз уақыт кететін сияқты.
Ел чемпионы «Астана» Шымкентте «Ордабасыдан» ойсырай жеңілді. Әрине, мұны маусым басындағы сәтсіздік деуге болар. Бірақ ІІ тур ойындары 12 наурызда өтеді. «Астана» «Ертіске» қонаққа барады. Бұл ойында барынша сергек ойнамаса, елордалықтар негізгі қарсыластарын ұзатып алуы мүмкін.
«Қайрат» «Ақтөбені» қиналып ұтты. Алматылық ұжымның Суперкубокқа көп күш жұмсап қойғаны анық байқалды. Дегенмен 2015-2016 жылдары маусымды үнемі сәтсіз бастаған «Қайрат» енді бұрынғы қателігін қайталамауға тырысатын болар.
Жалпы, биылғы чемпионатты бұрынғы құрамымен бастап тұрған командалар үшеу ғана. «Астана», «Қайрат» және «Ордабасыдан» басқа клубтардың бәрі құрамын түгелге жуық жаңартты. Олар біріншілікке кірігіп, бауыры қыза түсу үшін біраз уақыт қажет болады. Осыны біз атаған 3 мықты пайдалана ала ма? Әзірше шымкенттіктер сенім үдесінен шығып тұр. «Қайрат» та қажетті 3 ұпайды қанжығалады. «Тобыл» бірнеше жылға созылған қатеден қорытынды шығара бастаған сияқты.
Дегенмен үздіктердің аужайы алдағы 4-5 турда анық байқала бастайды. Ол да көп уақыт емес. ІІІ турдан кейін чемпионат 1,5 аптаға тыныс алып, құрамалар ойынына кезек келеді. Жаңа бапкер Александр Бородюктің қарымын осы кезде бағамдаймыз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар