1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
14 наурыз 2017
«Оралман» көш бастады

Қазақстан премьер-лигасы. 2 тур
12 наурыз
«Тобыл» – «Ақтөбе» – 0:0
«Қайсар» – «Тараз» – 2:1 (Аржанов, 34, Нтибазонкиза, 71 – Мұхаметшин, 15)
«Ертіс» – «Астана» – 1:1 (Ткачук, 30 – Мұжықов, 14)
«Ордабасы» – «Атырау» – 1:1 (Төлебек, 90+4 – Обшивац, 84)
«Ақжайық» – «Шахтер» – 3:1 (Рубио, 2, Азука, 8-пенальтиден, 72 – Тәжімбетов, 69)
«Қайрат» – «Оқжетпес» – 2:2 (Маркович, 34, Аршавин, 83
– Козлов, 19, Волков, 90+4 – пенальтиден)

Екі турдан кейін «Қайсар» көш бастады. Қызылордалықтар 1 турда өз алаңында «Оқжетпесті» 1:0 есебімен ұтқан болатын. Өткен жылы І лигаға түсіп қалып, жыл өткізіп барып оралған команда биыл бірінші болып жігерлі жеңіске қол жеткізді.
Турдағы 4 ойын тең нәтижемен аяқталды. Бұл командалардың көктемгі футболға кірігіп кете алмай жатқанын да аңғартады. 4 команда жеңісті ұстап тұра алмады. «Тараз» Қызылордада есеп ашқанымен, жеңісті алаң иелеріне беріп қойды. «Атырау» соңғы минуттарда Төлебектің соққысын қақпасына дарытып алып, Шымкенттен жалғыз ұпаймен қайтты. «Астана» Павлодарда есеп ашып, артынша қарымта гол жіберді. Ал «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» 2:1 есебімен ұтып жатып, шешуші голды пенальтиден өткізіп алды.
Осы турдан кейін премьер-лигада ұпай алмаған команда қалған жоқ. Бірақ «Атырау» 9 ұпайға айыпталуына байланысты әлі біраз уақыт «минуста» қала береді. Шымкенттегі тең ойын арқасында қазір «мұнайшылардың» көрсеткіші -8 ұпай болып тұр.
І турда шетелдік 2 легионер (Живкович пен Николич) Қазақстандағы алғашқы доптарын соқса, ІІ турда 5 жаңа футболшы (Козлов, Мұхаметшин, Нтибазонкиза, Обшивац, Ткачук) көзге түсті. Жалпы, 2-турдағы 15 голдың 12-сі – легионерлер еншісінде. Қазақ футболының 3 түлегі ғана (Мұжықов, Тәжімбетов және Төлебек) осы турда мергендігімен көзге түсті. «Оқжетпес» өткен жылы да «Қайратпен» алғашқы кездесуін тең (1:1) нәтижемен аяқтаған болатын. Бірақ содан кейінгі 3 кездесуде де (1:3, 0:6, 0:5) жеңілген еді. Бұл жолы көкшетаулықтар Алматыда өте жақсы ойын көрсетті. Егер бұл ойында жеңісті уысында ұстап тұрса, «Қайрат» «Қайсармен» бірге топ басына шығар еді. Алайда соңғы секундтарда Исламбек Қуат айып алаңының ішінде Максим Фединді шалып жығып, «Қайратты» 3 ұпайдан айырды.
Ел чемпионы «Астана» Павлодарда жақсы ойнаса да, тек 1 ұпайды қанағат тұтып қайтты. Қазірдің өзінде елордалықтар 4 ұпай жоғалтты. Өткен маусымның басында «Астана» бұлай ұпай таратпаған болатын. Енді нәтижелі ойын көрсетпесе, чемпион негізгі қарсыластарын ұзатып алуы мүмкін.
Келесі тур 17-18 наурыз күндері өтеді. «Астана» – «Ақжайық», «Тараз» – «Қайрат» кездесулері – 17 наурызға, «Оқжетпес» – «Тобыл», «Ақтөбе» – «Ордабасы», «Атырау» – «Ертіс», «Шахтер» – «Қайсар» кездесулері 18 наурызға жоспарланған. «Оқжетпес» пен «Шахтер» әзірше өз алаңдарындағы кездесулерін «Астана Аренада» өткізеді. Демек, астаналықтар 2 күн үшінде 3 кездесуді тамашалай алады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар