1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
14 наурыз 2017
Бозбаев «үлкен дулыға» киді

Дзюдодан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық «Үлкен дулыға» турнирінде отандасымыз Ислам Бозбаев 90 келі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Ол 1/8 финалда Аслан Мырзаевты (Әзірбайжан) таза иппонмен ұтты. Ширек финалда нидерландылық Ван Тенд Неолмен негізгі уақытта тең ырғасып, алтын ұпайды сарапқа салды. Бозбаев вазари иеленіп, жартылай финалға шықты. Бұл кезеңде татами иесі Тұрал Сафгулиев те (Әзірбайжан) Бозбаевтан иппонмен жеңілді. Финалда да Бозбаевты жарыс қожайыны күтіп тұрды. Мәмедәли Мехдиевпен белдесуде Ислам 2 вазари ұпайын алып, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Бозбаев соңғы рет 2015 жылдың маусым айында Будапешт Гран-приіне қатысып, 7-орын алған еді. Сол жылы ол Астанада өткен әлем чемпионатында екінші айналымнан аса алмай, француз балуаны Александр Иддирден жеңілді. Бұдан кейін режим бұзғаны үшін 2 жылға айыпталып, барлық ірі жарыстардан шет қалды. Оның айып мерзімі 2017 жылдың тамыз айында бітуге тиіс еді. Дегенмен Қазақстанның дзюдо федерациясы айып мерзімін қысқартып, Бозбаевтың жарыс-
тарға қатысуына мүмкіндік берді. 25 жастағы спортшы енді жеңіс жолына қайта түскен сияқты. Бакудегі табысынан кейін Бозбаевтың рейтингіне 1000 ұпай қосылады. Демек, 2020 жылғы Токио олимпиадасына ұпай жинау сәтті басталды деуге болады.
Баку турниріне елімізден 14 дзюдошы қатысты. Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Севара Нышанбаева (57), Зере Бектасқызы (70) және Альбина Амангелдиева жарысты V орынмен қорытындылады.
Бакудегі «Үлкен дулыға» жарысынан кейін Халықаралық дзюдо федерациясы балуандардың жаңа рейтингін жариялады. Бұл рейтингтегі отандастарымыздың көрсеткіші мынадай: 60 келі. Елдос Сметов – 8 (1767 ұпай), Рустам Ыбыраев – 20 (942), Ғұсман Қырғызбаев – 33 (550). 66 келі.
Азамат Мұқанов – 18 (952), Жансай Смағұлов – 32 (634), Елдос Жұмаханов – 35 (610). 73 келі. Дидар Хамза – 34 (594), Дастан Ықыбаев – 50 (333). 81 келі.
Әзиз Қалқаманұлы – 50 (429). 90 келі. Ислам Бозбаев – 15 (1160). -100 келі. Максим Раков – 27 (780).+100 келі. Ержан Шынкеев – 19 (1091).

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Тоқтарбай | 15 наурыз 2017 20:06
Жарайсың Ислам. Батпаққараның батыр ұланысың ғой. Амангелді батыр ауданының халқы сенің алтыныңа көл көсір қуануда. Жеңіс туын олимпиада тұғырына тік...
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар