1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
6 сәуір 2017
«Қайрат» тағы сүрінді

ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ.
18 тур. 4 сәуір
«Тобыл» – «Ордабасы» – 1:0 (Савич, 18)
«Қайрат» – «Ертіс» – 1:1 (Маркович, 48 – Воротников, 80)
Премьер-лиганың алдын ала өткізілген ойындарында «Қайрат» тағы ұпай жоғалтты. Орталық стадионда К.Цхададзе шәкірттері «Ертісті» ұта алмай, тең матчтар сериясын төртеуге жеткізді. Осы төрт ойынның үшеуінде алматылықтар бірінші болып есеп ашқанымен, жеңісті ұстап тұра алмады. Бұл нәтиже жанкүйерлердің де, команда басшылығының да көңілін көншітпесі анық. «Қайрат» бес кездесуде еш ұтылмаса да, небары 7 ұпаймен 5-орында келеді. Биыл Қазақстан деңгейіндегі барлық турнирлерде дара шығу межесі қойылған команданың бұлай кідіруі жоспарды қайта қаратып жатса да таңданбаймыз. «Ертіспен» кездесуден кейін «Қайраттың» бас бапкері ауысуы мүмкін екені, бұл орынға негізгі үміткер В.Муханов екені айтыла бастады. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтын еді, сондықтан Цхададзеге енді шегінер жер қалған жоқ.
Көшбасшы «Ордабасының» Қостанайдан ұпайсыз қайтуы әзірше «Ертіс», «Қайрат», «Астана» сияқты дәмесі зор командалар үшін оңтайлы болып тұр. Ауа райының қолайсыздығынан Қостанайға кешігіп, Астанаға бір қонып жетіп, шымкенттіктер тең ойынға да қол жеткізе алмады. Есесіне қостанайлықтар көшбасшыны қуып жетті.
Премьер-лига ойындары 8 сәуірде жалғасады. Жалпы, сәуір айында кесте өте тығыз. Сондықтан ай соңында «Қайраттың» сәтсіздігін тіпті ұмытып қалуымыз да мүмкін.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар