1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (16214)   11 сәуір, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 сәуір 2017
Ешкім де ұзап кеткен жоқ

Қазақстан премьер-лигасы 5-тур. 8 сәуір
«Шахтер» – «Қайрат» - 1:4 (Аллегриа, 81 – Исаель, 12, Гоу, 17, 19, 65)
«Атырау» – «Астана» - 0:1 (Логвиненко, 84)
«Тараз» – «Ордабасы» - 2:1 (Мұхаметшин, 16, Қожамберді, 31 – Төлебек, 30)
«Қайсар» – «Тобыл» - 0:0
«Оқжетпес» –«Ертіс» - 0:2 (Фофана, 57, Кислицын, 65)
«Ақтөбе» – «Ақжайық» - 1:1 (Диас Морейра, 87 – Сапанов, 10)
Сәуір айы премьер-лига командалары үшін тығыз кестесімен ауыр ай болып тұр. Бұл айда командалар чемпионатта 6 ойын өткізіп қана қоймай, Қазақстан кубогының 1/8 финалына да қатысады. Сондықтан 3 сәуірде трансферлік терезені жапқан соң, барлық команда барымен базар болуға тырысып жатыр.
Теміртауда «Қайрат» «Шахтерді» ойсырата ұтты. Бұған дейін алматылықтар 4 ойынды тең аяқтап, қою шаң ішінде қалған еді. Бұл турда жеңіске жетпесе, бас бапкер Кахабер Цхададзенің басына бұлт үйірілетіні де жасырын емес-ті. «Қайрат» сырт алаңда биылғы ең ірі жеңісіне қол жеткізіп қана қоймай, көшбасшылар қатарына қайта қосылды. Жерар Гоу хет-трик жасап, мергендер көшін бастады.
Бізді алаңдатқаны – онсыз да шаруасы шатқаяқтаған «Шахтердің» матчтағы жалғыз добының басқа футболшы атына жазылғаны. 81-минутта 18 жастағы шабуылшы Оралхан Өміртаев айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты. Бейнеқайталауда да доптың жолай ешкімді жанай өтпегені анық байқалды. Алайда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты бұл голды легионер Аллегрианың атына жазыпты. Сөйтіп, үлкен футболдағы алғашқы голынан жас шабуылшы көпе-көрінеу айырылып отыр.
«Астана» сырт алаңда «Атырауды» тізерлетті. Елордалықтар матч тағдырын соңғы минуттарда шешуді әдетке айналдырып алғандай. Өткен турда Теміртауда олар жеңіс голын 90+1 минутта соқса, бұл жолы Юрий Логвиненко 84-минутта дәл соққысымен жеңіс әкелді. Чемпионатты -9 ұпаймен бастаған «Атырау» әлі еңсе түзей алар емес.
Премьер-лигаға күтпеген жерден қосылған «Тараз» бірте-бірте өз шабысын тауып келеді. Тәжірибелі бапкер Ваит Талғаев жергілікті футболшылардың бағын ашуға мықтап кіріскен секілді. Жамбылдықтар бұл турда көшбасшы «Ордабасыны» тұқыртып, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал шымкенттіктер қатарынан екінші рет ұтылып отыр. Бұл ойында Мардан Төлебек тағы да айып соққысын сәтті жасады. Маусым басталғалы ол 3 голды осылай енгізіп отыр. Ал Жақып Қожамберді 2,5 жыл, 42 ойыннан кейінгі алғашқы добын соқты. Ол бұған дейін 2014 жылдың 3 қазанында «Жетісу» – «Тараз» кездесуінде мергендігімен көзге түскен болатын. Содан бері қанжығасы майланып тұрғаны осы.
Биылғы біріншілікті сәтті бастаған «Қайсар» мен «Тобыл» Қызылордада тең ойнады. Қайсысы ұтса да, турнир кестесінде өзгелерден ұзап кетер еді, бірақ екеуі де ол мүмкіндікті пайдалана алған жоқ.
Ал «Ертіс» сырт алаңдағы екінші кездесуін сәтті өткізді. Өткен аптаның ортасында павлодарлықтар Алматыда «Қайратпен» тең ойнаса (1:1), бұл жолы «Оқжетпесті» тізерлетіп кетті. «Оқжетпес» былтырғы ойын өрнегін таба алар емес, көш соңынан ұзай алмай жатыр.
«Ақжайық» биыл да талай мықтыны аяқтан шалуға дайын. Бұл турда оралдықтар «Ақтөбеден» ұпай алып кетті. Қорғаушы Мейрам Сапанов қатарынан екі турда гол соғып, өзінің мергендік рекордын жасады.

ТУРНИР КЕСТЕСІ:
1. Тобыл – 11 ұпай.
2. «Қайсар» –11.
3. «Ертіс» – 11.
4. «Қайрат» – 10.
5. «Ордабасы» –10.
6. «Астана» – 10.
7. «Ақтөбе» – 5.
8. «Ақжайық» – 5.
9. «Тараз» –5.
10. «Оқжетпес» – 4. 11. «Шахтер» – 1.
12. «Атырау» – 7.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар