1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (16214)   11 сәуір, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 сәуір 2017
Алесионың көзірі – қорғаныс

Оңтүстік астанадағы «Алматы Арена» кешенінде футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі өтіп жатыр. F тобында отандастарымыз Дания, Македония және Чехия құрамаларымен құрлық додасының жолдамаларын сарапқа салуда.
Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 30 қаңтар – 10 ақпан аралығында Словения астанасы Любляна қаласында өтеді. Құрлықтың 12 үздік құрамасының тартысты кездесулерін «Стожице» аренасы қабылдайтыны да белгілі болды. Биылғы іріктеу алғашқы, негізгі және қосымша кезеңдерден тұрады. Алғашқы кезеңде рейтингі төмен құрамалар арасында негізгі кезеңнің жолдамалары сарапқа салынады. Дания құрамасы осындай топтан озып шықты. Алғашқы іріктеу кезеңінде даттар Косово, Кипр және Норвегия құрамаларын артқа тастады.
Негізгі іріктеуде 7 топтың үздіктері Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алып, жарыс иесі Словения құрамасына қосылады. Ал әр топта екінші орын алған 7 құрама және үшінші орын алғандардың ішінен көрсеткіші тәуір біреуі қосымша іріктеу ойындарын өткізеді. Сөйтіп, 12 үздік құрама анықталады.
2018 жылдан кейін футзалдан Еуропа чемпионаты төрт жылда бір рет өтіп отырады. Бұл кезде финалдық кезеңге 16 құрама жолдама алады.
Қазақстан құрамасы 2016 жылы Еуропа чемпионатына бірінші рет қатысып, «айды аспанға бір-ақ шығарды». Отандастарымыз қола жүлде жеңіп алды. Содан кейін әлем чемпионатында да табысты өнер көрсетті. Қазір құраманың бас бапкері ауысқан. Какаудың көмекшісі болған Алесио биылғы іріктеу кезеңінде команда құрамын едәуір жаңартты. Николай Пенгрин мен Павел Такуды құрамға қоспады. Ал Александр Гребонос пен Дәурен Нұрғожин бұл жолы жарақат салдарынан іріктеуге қатыса алмады. Алесио «Ақтөбе» командасынан Қайрат Иманәлин мен Альберт Ақбалықовты, «Жетісудан» Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұловты құрамаға шақырды. Бұл төртеуі де алғашқы екі ойында жаман әсер қалдырған жоқ. Ақбалықов Македония қақпасын дәл көздеп, құрама сапында алғашқы голын соқты.
Әзірше екі ойында Қазақстан құрамасы өз қақпасына доп жіберген жоқ. Шешуші кездесу бүгін Чехия құрамасымен өтеді. Чехтар еншісінде де екі жеңіс бар.

ОЙЫН НӘТИЖЕЛЕРІ:
Чехия – Дания – 5:4
Қазақстан – Македония – 3:0 (Лео, 13, Жаманқұлов, 19, Ақбалықов, 33)
Македония – Чехия – 3:7
Қазақстан – Дания – 5:0 (Жаманқұлов, 4, Лео, 9, Першин, 17, Дуглас, 17, Сүлейменов, 40)

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар