1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16215) 13 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 сәуір 2017
Аруды Скарпони алмастырды

Биыл даңқты «Джиро д’Италия» көпкүндігі 100-ші рет өтеді. 5 мамыр күні Сардиния аралынан бастау алып, 28 мамырда Миландағы жеке жарыспен мәреге жетеді. «Астана» командасы бұл сынға Фабио Аруды капитан ретінде қосуға дайындалған-ды. Алайда жақында Испаниядағы жаттығу кезінде Ару құлап, аяғын жарақаттап алды. Артынша біраз уақыт емделу қажеттігі де анықталды. Милан қаласында Аруды профессор Комби арнайы қарап, тізе астындағы қалташаның қабынғанын анықтады. Бір қарағанда соншалықты ауыр жарақат болмаса да, педаль басқанда бәрібір спортшыға ауыр тиеді. Сондықтан «астаналықтар» Арудың толық емделгені жөн деп шешті.
Ару – «Джиро д’Италия» суперкөпкүндігінің екі дүркін жүлдегері. 2014 жылы ол жалпы есепте – үшінші, 2015 жылы екінші болды. 2016 жылы Фабиоға «Тур де Франста» көшбасшылық сеніп тапсырылды. Соңғы екі тур алдында үздік жетілікте келе жатып, Ару бабын ұстап тұра алмады. Сөйтіп, 13-орынға сырғып кетті.
Енді «Джирода» «Астананың» көшбасшысы тәжірибелі Микеле Скарпони болмақ. 2011 жылы «Ләмпре» командасының құрамында Скарпони Италия суперкөпкүндігін күміс жүлдемен аяқтады. Кейін чемпион Альберто Контадор айыпталған соң, Скарпони «Джиро» жеңімпазы болып танылды. Ол 2014 жылдан бері «Астана» намысын қорғап келеді. Бірақ бірнеше көпкүндікке қатысса да, оған капитандық міндет тапсырылмаған болатын. Өткен жылы «Вуэльтаны» Скарпони 11-орынмен қорытындылады.
– Жарақат жоспарларымызға күтпеген өзгерістер енгізсе де, біз дайындығымызды қайта қарастырмаймыз. «Джиро д’Италия» жарысына қалыпты жағдайда дайындала береміз. Сондай-ақ «Тур де Франсқа» жаттығуымызды да жалғастырамыз. Франция көпкүндігінде біздің капитанымыз Якоб Фульсанг болады, – деді «Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар