1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16215) 13 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 сәуір 2017
ЕУРОПАҒА ЕКІНШІ ТЕРЕЗЕ

Чехия – Қазақстан – 0:3 (Дуглас, 5, 38, Першин, 20)
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алды. «Астана Арена» кешенінде өткен іріктеу кезеңінің соңғы турында отандастарымыз Чехияны ойсырата ұтты. Топ жеңімпазына тікелей берілетін жолдама осылайша Қазақстан құрамасына бұйырды. Ал Чехия қосымша ірік-
теуге қатысады.
Қазақстан құрамасы бұл кезеңде үш қарсыласын да таза ұтты. Әуелі Македонияны – 3:0, сосын Данияны 5:0 есептерімен тізе бүктіріп, шешуші ойынға тамаша көрсеткішпен шықты. Басты қарсылас Чехия екі турда 6 ұпай жинағанымен, доп айырмасы +3 қана болатын. Дегенмен бетпе-бет кездесуде Алесио шәкірттері басымдық танытты.
Қазақстан құрамасы құрлық додасына екінші рет шығып отыр. 2016 жылы отандастарымыз Сербияда қола жүлде жеңіп алды.


КҮРЕСЕМ ДЕСЕҢ, СЕКЦИЯ ТЕГІН
Алматы қаласында ақпан айында күрес түрлерінен тегін секциялар ашылды. Бұл үйірмелер «Алматы Арена» және «Халық Арена» кешендерінде жұмыс істейді.
Залдар қазіргі талаптарға сай барлық жарақпен қамтамасыз етілген. Жас балуандар күш өсіретін тренажер, күрес кілемдері, воркаут алаңшалары, киінетін, жуынатын бөлмелер игілігін көре алады.
«Қазіргі уақытта қалалық чемпионатқа қатысатындар 30-40-тан аспайды. Ал күресті дамыту үшін бұл көрсеткіш 300-400-ге жетуі керек. Екі апта ішінде біздің мектебімізге 500 бала келіп жазылды. Біз дамыта береміз. Алматы әкімдігі бізге 10 боз кілем сатып алып берді. Біз орта мектептерде тегін секциялар ашамыз. Бізге күрес түрлері федерациясының президенті Сауат Мыңбаев жетекшілік етіп, республикалық күрес федерациясы, «Халық Арена», «Алматы Арена» кешендерінің басшылығы да көмектеседі», – деді №15 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әсет Мәмбетов.
Ал Қазақстан күрес түрлері федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай бұл секцияларды ашудағы мақсат жастар мен балаларды күреспен айналысуға үндеу екенін айтады. Залды жалға алу және қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді күрес түрлері федерациясы өз мойнына алған. Алдағы уақытта бұл секцияларда ерекше көзге түскен жастар әр жас деңгейіндегі құрамаларға шақырылып, қалалық, республикалық жарыстарға қатысады.
Күреске баулу шараларына қолдау көрсету мақсатында «Халық Арена» кешенінде ұйымдастырылған арнайы жаттығуға олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қатысып, жас палуандарға үлгі көрсетті. «Мен өз тәжірибемді бөлісуге әрқашан дайынмын. Әрине, жастармен өткізілетін мұндай бір реттік кездесу аздық етеді. Бірақ бір сабақ ішінде қандай психологиялық құпиялар бар, шеберлікті қалай шыңдау керек деген секілді біраз дүниені түсіндіріп үлгеруің қажет. Ал ондай кеңестер жас палуандарға қашанда қажет», – деді Ж.Үшкемпіров.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар