1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16216)   18 сәуір, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 сәуір 2017
Үш үздік тағы ұзады

Қазақстан премьер-лигасы
7-тур. 16 сәуір
«Шахтер» –«Тобыл» – 1:1 (Тәжімбетов, 47 – Скорых, өз қақпасына, 45+3)
«Қайсар» – «Ертіс» – 1:1 (Нтибазонкиза, 86 – Родриго, 83)
«Оқжетпес» – «Астана» – 0:3 (Мұжықов,
61, Граховац, 64-пенальтиден, Муртазаев, 79)
«Тараз» – «Ақжайық» – 0:0
«Қайрат» –«Ордабасы» –3:0 (Исламхан, 6, Гоу, 43, Иличевич, 70).
Қазақстан премьер-лигасында тартыс қыза түсті. 7-турда өткен жылғы үздіктер қайта алға шықты. Маусымашар матчта қатты сүрінгенімен, «Астана» бірте-бірте өз ойынын тауып алды. Жаңа ойыншылардың құрамға кірікпегені тіпті жоқ сияқты. Дидар Жалмұқан, Роман Муртазаев сияқты отандастарымыздан бөлек, легионерлер Иван Маевский мен Сржан Граховац та өз орнын тез тапты. Бірақ астаналықтар жаз ортасында қиналуы мүмкін. Өйткені қосалқы құрамдағы футболшылардың бәрі жас. Ал еурокубок бәсекелеріне 13-14 негізгі ойыншымен қатысу, табысқа жету тіпті қиын. Түптеп келгенде өткен жылы да «Астана» негізгі күшін ел чемпионатына салғанда, еурокубок артқа ысырылып қала берген еді ғой. Биыл да сол «әдіске» жүгіне ме, әлде...
«Ертіс» 4-турда өз алаңында «Ақтөбеден» ұтылған соң күшіне мінді. Сырт алаңдағы үш кездесудің екеуінде тең түсіп, бір рет жеңіске жетті. Ең бастысы, Димитар Димитров аз уақытта мүлде жаңа команда жасақтап шығарды. Қазір керекуліктердің құрамына қарап отырып Лаша Двали, Стефан Живкович, Исмаил Фофана, Аслан Дарабаевтардың өз орны бар екенін байқайсыз. 7-турда «Ертіс» сырт алаңда «Қайсармен» ұпай бөлісті. Соңғы минуттарда есеп ашып, артынша өз қақпасына доп жіберіп алды. Дегенмен қазір павлодарлықтар мықтылармен бірге өзгелерден қара үзіп алса, алтынға таластың ортасынан көрінуі мүмкін.
«Қайрат» биылғы көшбасшылардың бірі «Ордабасыны» ойсырата ұтты. Алматылықтар өте жақсы ойнады. Исаель, Гоу, Исламхан сияқты мықтылардың бабы келісіп келе жатқаны байқалады. Ал «Ордабасы» әзірше біркелкі ойнап жүрген жоқ. Шымкенттіктер бір кездесуді өте жақсы өткізсе, екіншісінде өз ойынын таппай қалуы да мүмкін.
Турнир кестесі қазір екі алтылыққа бөлініп тұр. Былтырғы үздіктер ішінен «Оқжетпес» пен «Ақтөбе» ысырылып қалды, олардың орнын «Тобыл» мен «Қайсар» басты. Қазірдің өзінде 6-орындағы «Қайсар» мен 7-орындағы «Ақжайық» арасын 5 ұпай бөліп тұр. Кейінгі алтылық қамшы баспаса, биыл маусым ортасында 12 команданы екіге бөлмей-ақ чемпиондық бәсекенің қатысушылары анықталатын сияқты.
«Қайраттың» котдивуарлық мергені Жерар Гоу бұл турда тағы гол соғып, мергендер көшінде алға ұзап кетті. Қазір оның 7 добы бар. Бұл қарқынынан танбаса, Гоу биыл да чемпионаттың бас мергені атануы мүмкін. Отандық футболшылардан оның қарқынына Алексей Щеткин (4 гол) ілесе ме деп едік, бірақ 7-турда ол алаңнан қуылды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар