1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 35 (16221)   3 мамыр, сәрсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 мамыр 2017
«Интер» олжаны жұлып әкетті

Алматыда футзалдан УЕФА кубогының финалдық кезеңі аяқталды. «Алматы Аренада» футзалдың құрлықтағы басты жүлдесін сарапқа салу құқығына өзіміздің «Қайрат», «Спортинг» (Лиссабон, Португалия), «Газпром-Югра» (Югор, Ресей) және «Интер-Мовистар» (Испания) командалары қол жеткізген-ді.
Осы төрттіктің ішінде «Спортингтің» ғана атағы олқы соғып тұрды. Лиссабондықтар өз елінде тәп-тәуір беделге ие болғанымен, УЕФА кубогын қанжығалап көрмепті. Ал «Интер-
Мовистар» – 3, «Қайрат» – 2, «Югра» 1 рет Еуропаның негізгі клубтық турнирінде топ жарған. Дегенмен наурыз айында Алматыда жеребе тартылғанда, «Спортинг» өзіне «Қайраттың» қарсылас болмағанына қуанғанын құлағымыз шалған. Сол қуаныш бекер болмапты.
Финалдық кезеңге төрт үздік мынадай нәтижелермен жетті:
Негізгі кезең. 5 топ
«Спортинг» – «Центар» (Босния және Герцеговина) – 7:1, «Халле-Гооик» (Бельгия) – 5:1, «Реал Риети» (Италия) – 4:0
Элиталық кезең.
А тобы. «Қайрат» – «Реал Риети» – 3:2, «Феникс» (Косово) – 6:0, «Никарс» (Латвия) – 4:1
В тобы. «Югра» – «Гамбург Пантерс» (Германия) – 4:0, «Араз» (Әзірбайжан) – 4:0, «Национал» (Хорватия) – 5:1
С тобы. «Интер» – «Хрудим» (Чехия) – 2:0, «Экономац» (Сербия) – 8:1, «Брезье» (Словения) – 3:1
D тобы. «Спортинг» – «Дьер» (Венгрия) – 4:1, «Тыргу-Муреш» (Румыния) – 16:1, «Динамо» (Ресей) – 3:3
Алматыдағы финалдық кезеңде алдымен «Спортинг» пен «Юграның» жолы тоқайласты. Ресейліктер өткен жылы УЕФА кубогының финалдық кезеңіне тұңғыш рет қатысып, бірден жеңіске жеткен-ді. Бұл жолы жартылай финалда португалдарға жол берді. Тартысты матч 2:1 есебімен «Спортинг» пайдасына шешілді. Алекс Мерлим (25 минут) және Диегиньо (34) соққан қос голға «Югра» Шаяхметовтің соңғы минуттардағы добымен ғана жауап бере алды.
Екінші жартылай финалда «Қайрат» «Интерге» жол беріп қойды. Отандастарымыз екі рет (Кабрева мен Игор) алға шықты, екеуінде де әлемнің үздік футзалшысы Рикардиньо есепті теңестірді. Екінші добын ол алты метрлік пенальтиден енгізді. «Қайраттың» бас бапкері Какау бұл пенальтиді «баланікі» деп бағаласа да, ештеңе өзгермесі анық еді. 39-минутта испаниялықтардың капитаны Ортис Рикардиньоның пасын сәтті пайдаланып, жеңіс голын енгізді.
ІІІ орын үшін кездесуде «Қайрат» «Юграны» ойын соңындағы пенальти арқылы ғана тұқыртты. Ресейліктер кездесу барысында үш рет алға шықты, «Қайрат» теңестіріп қана қоймай, екі рет таразы басын өзіне аударды. «Югра» ойын соңына 20 секунд қалғанда есепті қайта теңеді. Пенальти сериясында әлемнің 2016 жылғы үздік қақпашысы, отандасымыз Игита Лысковтың соққысын қайтарып, артынша Дуглас командамызға жеңіс әкелді.
«Қайрат» – «Югра» – 5:5, пенальтиден 3:2 (Дрот, 9, Давыдов, 16-автогол, Тайеби, 24, Кабрева, 33, Диваней, 39 – Шаяхметов, 2, Кайо, 14, Лысков, 23, Диваней, 37-автогол, Марсенио, 40)
Ал чемпиондық ойында «Интер» қарсыласынан анағұрлым басым болды. Испаниялықтар өз тарихында төртінші рет УЕФА кубогын жеңіп алды. Келесі жылдан бастап бұл турнир форматы өзгеріп, Чемпиондар лигасына айналады. Демек, «Интер» – УЕФА кубогының соңғы иегері.
Финал. «Интер» – «Спортинг» – 7:0 (Гадейя, 7, Лоло, 15, Рафаэль, 23, Марио Ривильос, 26, 32, Рикардиньо, 34, 37)

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар