1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 маусым 2017
Әлібек НҰРТАЕВ: СТАДИОНДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ

«Жас Алаштың» биылғы 30 мамырдағы №43 (16229) санында тілші Б.Әбдірашұлының «Басқарма басшысы әлдекімнің бизнесін дамытып отыр ма?» деген тақарыппен жарияланған мақаласына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев редакцияға хабарласып, мақалада сөз болған жайттарға қатысты өзінің пікірін білдірді.
– Қазақстан футбол федерациясы Қажымұқан атындағы орталық стадионда федерацияның ұйымдастыруымен өткізілетін футбол ойындарын өткізуге тыйым салған, – дейді Ә. Нұртаев. Оның негізгі себебі Қажымұқан атындағы орталық стадионда жарықтандыру құрылғыларының орнатылмағандығы болып отыр. 2016 жылы стадионға прожекторлық құрылғылар орнату үшін қаржы бөлініп, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы ұйымдастырушы ретінде тендер өткізді. Алайда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бақылауы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурс қорытындысы бірнеше рет бұзылды.
Соңғы мемлекеттік сатып алу қорытындысын қайта қарау нәтижесі бойынша «Қажымұқан атындағы орталық стадион» мекемесі мен мердігер арасында келісімшарт түзілген болатын.
– Алайда бұл конкурсқа да шағым жасалды ғой...
– Иә, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама келіп түсіп, жұмыстар тоқтатылды. Аталған хабарламамен облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы келіспей, қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетіне қарсылық жазылды. Қарсылықты қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік сатып алудың заңнамаға сәйкестігін тексеру үшін кезектен тыс бақылау жүргізілетіні белгілі болды.
Осы бақылауды жүргізу барысында біраз заңбұзушылық анықталып, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына стадион мен мердігер арасында түзілген келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Алайда сот талап арызды қанағаттандырмады. Дегенмен сот процесінің созылуына байланысты қаржы игерілмей, толықтай бюджетке қайтарылды.
– Кері қайтарылған қаржы қайтып орала ма?
– Қазіргі таңда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы тарапынан 2017 жылдың маусым айындағы 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылауға Қажымұқан атындағы орталық стадионға жарықтандыру құрылғыларын сатып алу және орнату мақсатында қаржы бөлу туралы бюджеттік ұсыныс енгізіліп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан қолдау тауып отыр.
– Бұл жанкүйерлер үшін жақсы жаңалық екен. Ал енді премьер-лига ойындары орталық стадионда қашан өтеді? Басқарма тарапынан осыған ықпал ету жұмыстары жүріп жатыр ма?
– Қазақстан футбол федерациясына орын алған мән-жайларды түсіндіріп, премьер-лига ойындарын Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткізуге рұқсат беру туралы сұраныс хат жолданды. Соның жауабын күтіп отырмыз.

Б.ЕРНАЗАР
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар