1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 маусым 2017
«Тур де Франсқа» төрт отандасымыз қатысады

«Астана» велокомандасы 1 шілдеде басталатын «Тур де Франс» суперкөпкүндігіне қатысатын құрамды жариялады. Қазақстандық команда намысын мына шабандоздар қорғайды: Фабио Ару (Италия), Якоб Фульсанг (Дания), Дмитрий Груздев, Бақтияр Қожатаев, Алексей Луценко, Андрей Зейц (Қазақстан), Михаэль Вальгрен (Дания), Андрей Гривко (Украина) және Дарио Катальдо (Италия).
Ару бұл сында капитан міндетін атқарады. Екінші көшбасшы – Фульсанг. Ару әуелі «Джиро д’Италия» көпкүндігінде «Астана» серкесі болуға тиіс еді. Бірақ күтпеген жерден жарақат алып, біраз уақытын емделуге жұмсады. Күні кеше ғана Фабио Италия чемпионы атанды. Демек, алдағы сынға дайындығы өте жақсы деуге болады. Ал Фульсанг жақында мәртебелі «Критериум дю Дофине» көпкүндігінде жеңіске жетіп, жұртты таңғалдырды. Ол біраз жылдан бері «Астана» сапында мықты көмекші міндетін абыроймен атқарды, енді капитандық жүкті де мойнына алуға дайын сияқты.
А.Зейц пен Д.Катальдо биылғы «Джироға» қатысты. Екі үздік көмекші енді Франция тас жолдарында да шаршамауға тиіс. Б.Қожатаев өткен жылы өз ғұмырындағы алғашқы «Үлкен өрмекке» – «Джиро д’Италияға» қатысып, мамандардың жақсы бағасын алды. Биыл сол білігін әлемнің ең даңқты велосынында көрсетуі керек. А.Луценко былтырғы «Тур де Франстан» кейін олимпиадаға қатысуға тиіс еді, бірақ аяғын жарақаттап алып, біраз уақыт емделді. «Винокуровтың нағыз ізбасары» деп бағаланған жігітке талантын танытар сәт келгендей.
Биылғы «Тур де Франс» 1 шілде күні Германияның Дюссельдорф қаласынан басталады. Шабандоздар бірінші кезеңде 14 шақырымдық жеке жарыста сынға түседі. Тур бағдарламасында 9 – жазық, 5 – орта таулы, 5 таулы кезең бар, 2 жеке жарыс, 2 демалыс күні жоспарланған. 104-ші рет өткізілгелі отырған жарыс Германия, Бельгия, Люксембург жолдарымен де өтеді. 1992 жылдан бері тұңғыш рет жарыс Францияның бес негізгі тауын артта қалдырады. Шайтанарбашылар Вогез, Юра, Пиреней, Централь және Альпі тауларында мықтыны анықтайды.
Өткен жылғы «Тур де Франс» «Астана» командасына оңай соққан жоқ-ты. Көшбасшы Ф.Ару мәреге үш кезең қалғанша үздік бестік сапында болып, 19-шы кезеңде мықтылардан қатты кейіндеп қалды. В.Нибали бастаған мықтылар бір кезеңде жеңіске жетуге күш салып еді, ол жоспар да іске асқан жоқ. Биыл қалай болады? Ару кеткен есені қайтара ма?
Не де болса 23 шілдеде Париж төрінен соңғы жаңалықты күтеміз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар