1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 маусым 2017
Қайрат – қола жүлдегер

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қайрат Сарымсақов (74 келі) Қазақстан қоржынына қоладан олжа салды.
Ол алғашқы кездесуде Сегун Олушоламен (Нигерия) татамиге шығуға тиіс еді. Бірақ нигериялық спортшыны төрешілер айыпқа жықты. Сөйтіп, Қайрат екінші айналымға жекпе-жексіз өтті. Екінші қарсыласы Жулио Феррейрамен (Португалия) кездесу өте тартысты болды. Отандасымыз 6:5 есебімен жеңіске жетті. Үшінші айналымда Қайрат литвалық Оримас Клемасты 15:9 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Бұл кезеңде отандасымыз тайпейлік Яңмен кездесті. Тартысты жекпе-жек қосымша уақытқа ұласып, бәрібір Қайрат таразы басын өзіне аударды.
Жартылай финалда өзбекстандық Никита Рафаиловичпен кездесу де Қайраттың басымдығымен өрбіген-ді. Сарымсақов 8:6 есебімен алда келе жатып, төрешіден ескерту алып қалды. Екі ұпай өзбек спортшысына жазылды да, көрсеткіш теңесті. Тартыс қосымша уақытта жалғасып, Рафаилович нәтижелі ұпайды қанжығалап кетті.
– Жартылай финалда қарсыласыма жеңісті қолдан беріп қойсам да, жүрегім қуанышқа толы. Ел қоржынына жүлде салғаныма көңілім тоқ. Барлық кездесу ауыр соқты. Әсіресе ширек финалдағы Яңмен кездесу қатты шаршатты. Осы жеңістен кейін алтын жүлдеге қол соза алатыныма сеніп едім. Бапкерлеріме, құрамадағы әріптестеріме рақмет айтамын. Басты мақсатым – олимпиадада жүлдеге қол жеткізу. Сондықтан еш босаңсымай, алдағы лицензиялық турнирлерге жақсы дайындық жасауым керек, – деді Қ.Сарымсақов.
Қазақ таэквондошылары алты жылдан бері әлем чемпионаттарында жүлдеге іліне алмап еді. Соңғы рет А.Шылманов 2009 жылғы әлемдік додада қола иеленген болатын.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар