1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16241)   11 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 шілде 2017
Зырылдаған Зябкина

Үндістанның Бхубенашвар қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты мәреге жетті. Отандастарымыз бұл сында 4 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте Үндістан мен Қытайдан кейінгі үшінші орынды иеленді. Сары құрлықтың үздік үштігіне жеңіл атлеттеріміз соңғы рет 2002 жылы Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында енген болатын. Араға 15 жыл салып сол табысты қайталап отыр.

Бхубенашварда Үндістан құрамасы 12 алтын, 5 күміс және 12 қола медальмен топ бастады. Екінші орында – Қытай құрамасы (8, 7, 5).
Бұл жолғы жарыста басты көзіріміз Виктория Зябкина болды. Ол жекелей екі сында топ жарып, әйелдер арасындағы эстафетада да жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Спринтерлік қашықтықтарда Викторияның басты қарсыласы өзіміздің Ольга Сафронова болғаны да қуантты. Ол екі қашықтықта күміс және қола жүлде жеңіп алса, эстафетада соңғы болып жүгіріп, мәреге бірінші жетті.
Үш секіруде даңқты Ольга Рыпакованың ізбасарлары бой көрсетті. Әрине, үш бірдей олимпиадаға қатысқан Ирина Эктованы ардагер спортшы қатарына қосуға болар. Ал 17 жастағы Мария Овчинникова осы жолы алғашқы кезегінен-ақ Иринаға бәсекелес болып, ақыры 10 метр артық секірді.
Азия чемпионатында спортшылар 13 бағдарлама бойынша сынға түссе, отандастарымыз соның жетеуінде жарыс жолына шықты. Негізінен, спринтерлеріміз олжа салды. Басқа бағдарламалар бойынша үш секіруші қыздардың және ядро серпуші Иван Ивановтың жүлде қорымызды молайтқанын айтсақ болар. Бірақ биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, сырықпен секіру сындарында әлі де үйренеріміз көп екені байқалады. Кедергілермен жүгірушілер бұл жолы жүлдеге мейлінше жақындады. Бірақ 4-орын көңіл жұбатпайтыны және белгілі.
Қазақстан спортшыларының Азия чемпионатындағы нәтижелері:
100 метрге жүгіру. Виктория Зябкина – 11.39 секунд (алтын жүлде). Ольга Сафронова – 11.45 секунд (күміс жүлде).
200 метрге жүгіру. В.Зябкина – 23,10 (алтын жүлде). Ольга Сафронова – 23,47 (қола жүлде).
Үш секіру. Мария Овчинникова – 13,72 м (алтын жүлде). Ирина Эктова – 13,62 м (күміс жүлде).
4х100 м эстафета. Қазақстан (Р.Кашафутдинова, В.Зябкина, С.Голендова, О.Сафронова.
Ядро серпу. Иван Иванов – 19,41 метр, қола медаль.
400 метрге жүгіру. Андрей Соколов – 48,57 секунд (өз тобында жетінші нәтиже). Соколов финалға шыға алмады. Элина Михина – 57,33 секунд. Бұл нәтиже де финалға шығуға жеткіліксіз болды.
400 метрге кедергілермен жүгіру. М.Ишангулиева – 58,51 секунд (4-орын), А.Ахметова – 1.01,60 (8-орын). Дмитрий Коблов – 50,30 секунд (4-орын). Иван Кондратьев финалға шыға алмады.
Биіктікке секіру. Роман Лошкарев – 2,05 метр (14-орын). Іріктеу кезеңінде Лошкарев 2,10 метрді екінші кезегінде бағындырып, финалға шыққан еді. Финалда осы нәтижесін қайталай алмады. Надежда Дубовицкая – 1,75 метр (6-орын).
1500 метрге жүгіру. Алексей Гусаров – 3:53.14 (8-орын). Татьяна Нерознак – 4:26.97 минут (6-орын).
Диск лақтыру. Евгений Миловацкий – 57 м (8-орын).
Сырықпен секіру. Данил Полянский – 5,20 м (6-орын).
Найза лақтыру. Варвара Назарова – 49,56 м (11-орын). Артур Гафнер – 63,59 м (15-орын).
Үш секіру. Роман Валиев – 15,87 м (8-орын).
Шарбалға лақтыру. Д.Нүсіпбекова – 53,93 м (9-орын).
Ұзындыққа секіру. Александр Киселев іріктеу жарысында 6,95 м нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарына ене алмады.
800 метрге жүгіру. Алексей Гусаров іріктеу кезеңінде 25-ші нәтиже (1:56.26) көрсетіп, финалдан тыс қалды.
100 метрге кедергілермен жүгіру. Анастасия Виноградова – 13,62 сек (6-орын), Ә.Шыназбекова – 13,92 (8-орын).
110 метрге кедергілермен жүгіру. Вячеслав Земс іріктеуде 17-ші нәтиже көрсетті.
Жетісайыс. Надежда Кирнос – 5305 ұпай (6-орын).
4х400 м эстафета. Ерлер. Қазақстан (В.Земс, А.Соколов, И.Кондратьев, Д.Коблов) – 3.11,49 мин (8-орын). Әйелдер. Қазақстан (С.Голендова, А.Ахметова, Э.Михина, М.Ишангулиева) – 3.37,95 (4-орын).

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар