1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16241)   11 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 шілде 2017
«Астана арландары» финалға сақадай сай

Алдағы сенбіде Астанада Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы өтеді. «Астана арланс» командасының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков «Куба Домадорес» командасына қарсы шығатын боксшыларды атады.
Олар – Теміртас Жүсіпов (49 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Ілияс Сүлейменов (56 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Ділмұрат Мижитов (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Арман Рысбек (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Олжас Бұқаев (+91 келі).
Әзірше 75 келіде кім шаршы алаңға шығатыны анық емес. Дәрігерлік тексеруден жақсы өтетін болса, Әбілхан Аманқұл сынға түседі. Егер жарақаты ыңғайсыз делінсе, оның орнын Сапарбай Айдаров басуы мүмкін.

АРУ ЕКІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
Бұл күндері даңқты «Тур де Франс» велокөпкүндігі бел ортаға жетті. Күн сайын «Астана» командасының жүрісі ширап, көшбасшылары алға басып келе жатқаны жан семіртеді.
Биыл ұйымдастырушылар тау кезеңдерін соңына сақтамай, бес кезеңнен-ақ алға тартқан-ды. «Астана» осы ерекшелікті өз пайдасына жақсы жарата білді. Капитан Фабио Ару Виттел және Ла Планш де Белле Филле қалаларының арасындағы 160,5 шақырымдық жарыста мәреге бірінші жетіп, «Астананың» осы сындағы алғашқы жоспарын орындады. Ол мәреге 2,3 шақырым қалғанда шабуыл бастап, К.Фрум, Г.Томас, А.Контадор сияқты негізгі қарсыластарының бәрін шаң қаптырып кетті.
Естеріңізде болса, Ф.Ару өткен жылы да «Тур де Франс» бәйгесіне капитан ретінде қатысқан болатын. 19 кезеңге дейін ол алғашқы бестікте болып, соңғы кезеңдерде нәтижесін күрт нашарлатып алды. Бұдан кейін «Астана» соңғы кезеңдердің бірінде топ жаруға талпынып еді, ол да қолдан келмеді. Сондықтан жыл айналып келген жарысқа «астаналықтар» мейлінше жақсы дайындық жасауға тырысты. Соның нәтижесі енді көріне бастағандай.
Күні кешеге дейін «Франция турының» 9 кезеңі артта қалды. Қазір Ф.Ару жалпы есепте екінші орында келеді. Ол көшбасшы К.Фрумнан («Скай») 18 секунд қана қалыңқы. Осы қарқынын сақтай білсе, Фабио былтыр кеткен есесін шындап қайтаруға мүмкіндік табатын болар. «Астана» осы жолы Ару мен Якоб Фульсангты қос капитан ретінде сынға салды. Осы тәуекел де дұрыс нәтиже беріп жатыр. Қазір жалпы есепте Фульсанг көшбасшыдан 1,37 минут төмен нәтижемен бесінші орында келеді. Бұл аса нашар көрсеткіш емес.
9-кезеңде велошабандоздар бір емес, үш рет қатты құлады. Отандасымыз А.Луценко сондай үймектің біріне тап болып, қолы мен арқасын қатты жарақаттап алды. Дегенмен саптан шығып қалған жоқ. Алдағы кезеңдерде ол қос көшбасшымызға мейлінше көп көмек көрсететіні күмәнсіз. Ең бастысы, «Астана» сапындағы 9 шабандоз да қатардан қалмай келеді. Қызылжарлық Б.Қожатаев өз ғұмырындағы екінші суперкөпкүндікте де таптырмас көмекші міндетін тамаша атқарып жүр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар