1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (16245) 27 шілде, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 шілде 2017
«Қайратқа» Феррер келді

Еуропа лигасында екінші іріктеу кезеңінен аса алмаған, премьер-лигада да нәтижесі нашарлаған «Қайрат» командасына жаңа бас бапкер келді. Испаниялық Карлос Алос Феррер биылғы маусым соңына дейін алматылықтардың тізгінін ұстады.
Бұған дейін бас жаттықтырушы болған грузин маманы Кахабер Цхададзе қойылған межені бағындыра алмағаны үшін өз еркімен қызметінен кеткен-ді. Цхададзе басшылығымен «Қайрат» былтыр вице-чемпион атанды, Қазақстан кубогының финалисі болды, биыл ел суперкубогын жеңіп алды. Бірақ биыл ел чемпионатында негізгі қарсыласы – «Астана» командасын 5 ұпай ұзатып алып, Еуропа лигасында Албанияның «Скендербеу» командасына жол берді.
Жаңа бапкер тағайындалғанын «Қайрат» командасының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев өз инстаграм-парақшасында хабарлады. «Бұл маман Қазақстан жасөспірімдер құрамасында жас футболшылармен жұмыс істеуге маманданған. Біздің клуб Карлоспен балалар мен жасөспірімдер футболының жұмысына қатысты ұзақ уақыт байланыста болды. Испан маманын жыл соңында шақырғымыз келіп еді, бірақ қазіргі жағдай ерте қимылдауымызға мәжбүрледі. Келісімшарт биылғы маусым соңына дейін жасалды» деп жазды ол.
Феррер Испанияда, Гонконгта және Польшада балалар мен жасөспірімдер футболында еңбектенді. 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында Польшаның «Погонь» командасын жаттықтырғанымен, елеулі табыстарға жете алмады. Содан бері ол Қазақстанда еңбек етіп келеді. Екі жыл Шымкенттегі «Оңтүстік» академиясында бапкерлік қызмет атқарды, биыл Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері болып жұмыс істеді.
«Скендербеуден» жеңілген соң «Қайрат» командасының басшылығы клубтың даму бағытын өзгертетінін мәлімдеген-ді. Енді жастар футболына ерекше мән беріліп, өз түлектерінің жарқырай көрінуіне жол ашылатынын айтты. Тіпті қазіргі футболшылардың басым бөлігі маусым соңында командамен қош айтысуы мүмкін екені де белгілі болды.
Феррер жаңа бағытты дамыта ала ма? Оны қандай қиындық күтіп тұр? Бәріне жауапты қара күзде табамыз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар