1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (16246)   1 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
1 тамыз 2017
Коринна Ишимцева, Қазақстан ұлттық құрамасының, «Жетісу» командасының капитаны: БУЫН АЛМАСУ КЕЗЕҢІН ЕРТЕРЕК ӨТКЕРУІМІЗ ҚАЖЕТ ЕДІ

– Ұлттық құраманың қазіргі ойын өрнегіне қандай баға бересіз? 2017 жылы қатысқан Ельцин кубогында, Болгарияда, Оңтүстік Кореяда және елімізде өткен әлемдік гран-приде ойыншыларымыздың осал тұсы анық көрінді. Бізге не жетіспейді?
– Иә, біздің ойынымызда қателік көп. Біріншісі – допты қабылдау барысындағы қателіктер. Екінші – қарсыластың ойыншысына допты тура беру. Үшіншіден, ойыншылардың жеке қателіктері де жеткілікті. Бастысы, комбинацияға құрылған ойын жоқ. Ал ондай ойынмен үлкен деңгейдегі турнирде ойнау өте қиын. Комбинация ұйымдастыру үшін бар болғаны төрт ойыншы қажет. Бәрінің мақсаты бір – белгіленген жерге доп келгенде, байланыстырушы орта есеппен үш нұсқа бойынша ойынды жүргізе алады. Орталық шабуылшы қарқынмен ұратын тұсқа кешігеді, не ерте келмейді, ал ол сәтте қапталдан ұратын шабуылшы да бірінші қарқынды ұстауға тиіс. Ойынға артқы сызықтағы ойыншыларды қосуға да болады. Көрдіңіз бе, ойынды құбылтуға болады. «Автомат» соққыларды жасату үшін әлі де еңбектену керек. Психологиялық тұрғыдан да беріктік қажет. Жаттығу сәтінде адам сенгісіз соққылар жасап, ойынды керемет жүргізгендер алаңға шыққанда түк те істей алмай жатады. Неге? Психология әлсіз. Физикалық дайындықтың да ойыншы үшін маңызы зор. Егер осы жағдайлар реттелсе, онда үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз.
– Менің ойымша, ұлттық құрамада тұрақсыздық жиі болса, Токиоға да жол түспейді. Токио олимпиадасына мүмкіндікті бағамдап көріңізші.
– Тындыруға тиісті шаруалар өте көп. Бұл клубтарға да қатысты. Кей клубтардың оқу-жаттығу жиындары, шынығу кестелері мүлдем дұрыс жолға қойылмаған. Орта деңгейде өтеді. Ал ұлттық құрамадағы ойыншылар жарыс алдындағы жаттығу үшін көп уақыт керек.
– Тұрақсыздық дедік қой. Бүгінде алаңнан Наседкина, Анарбаева, Карпова, Павлова, Матвееваны іздейміз. Буын алмасу кезеңі қалай жүріп жатыр?
– Буын алмасу кезеңін ертерек өткеруіміз керек еді. Бірақ ұлттық құрамаға лайықты жас қыздардың жетіспеушілігінен белгілі ойыншылармен бір ғана құрама тұрақты түрде ойнауға тура келді. Енді не айтуға болады? Қазір ұлттық құрамада жүрген қыздардың ел чемпионатында өз клубтарында қосалқы құрамда отыратынын ескеріңіз. Оларға тәжірибе қайдан келеді? Жастар күнделікті дамып отыруы қажет.
– Сізбен бірге ойнаған ойыншылардың ерекшелігіне тоқталыңызшы. Мәселен, Наседкина алаңда сізді өте жақсы түсінетін сияқты, Анарбаева да...
– Наседкина және Анарбаевамен бір клубта ойнағаннан кейін шығар, ұлттық құрамада да бір-бірімізді көз қиығымызбен жақсы түсінеміз. Ерекшеліктері – әрқайсысы өз шептерінің үздіктері.
– Соңғы екі олимпиадада қай құрамаларға жанкүйер болдыңыз? Олардың ойын мәнерінен нені үлгі тұтуға болады?
– Шынымды айтсам, ешбір құрамаға жанкүйер болған емеспін. Маған қызықты, жүйелі, комбинацияға толы ойын ұнайды. Допты алаңға түсірмей, ұзақ уақыт қақпақылдап, таразы басын екі жаққа кезек аударатын сәттер өте керемет. Жалпы, Азия волейболы үнемі таңдандырады.
– 2008 жылы Бейжің олимпиадасын еске түсіріңізші. Ксения Илющенкомен бірге әр кездесуде байланыстырушы болдыңыз. Қазақстан құрамасы олимпиадаға алғаш рет қатысып тұр. Сол сәттегі көңіл күйіңіз, есіңізде қалған қызықтар қандай?
– Мен әлі күнге сол бір сәттің үтір-нүктесіне дейін білемін. Олимпиадаға қатысу менің ең үлкен арманым болды. Сол арманым орындалған сәтте қуанышым қойныма сыймады. Құрамадағы әріптестерімізбен бірге ұзақ уақытқа дейін қуаныштан ұйықтай алмағанымыз есімде. Сол кездегі көңіл күйді айтып, жазып жеткізе алмаймын. Тек бастан өткеру керек.
– Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Жетісу» волейбол клубына «биылғы маусымда чемпион болу керек» деген талап қойды. Бұл қол жететін меже ме?
– Мүмкіндік кез келген уақытта болады. Тек дұрыс пайдалана білу қажет. Кейде бәрі ойыншыларға ғана емес, бапкерлік құрамға да байланысты болады. Барлығы ортақ үйлесім тапса, нәтиже де көп күттірмейді.
– «Жетісу» сапындағы мерейлі оныншы маусымыңызды шетте қарсы алатын болдыңыз. «Алтай» сапында Азия клубтық чемпионатында алған жарақатыңыздың жазылу уақыты қашан?
– Жапонияның «Хисамицу Спрингс» клубына қарсы жартылай финалдық кездесуде аяқ сіңірін үзіп алдым. Емделу мерзімі – алты ай.
– Сұхбатыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан Серік ҚАНТАЙ
Жеңіс ЫСҚАБАЙДЫҢ фотосы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар