1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (16246)   1 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
1 тамыз 2017
Феррердің алғашқы жеңісі

Қазақстан чемпионаты
22-тур. 30 шілде
«Шахтер» – «Тараз» – 0:1 (Морис, 83)
«Атырау» – «Тобыл» – 1:0 (Сикимич, 28)
«Оқжетпес» – «Қайсар» – 3:1 (Марочкин, 15, Волков, 20, Козлов, 81 – Курьор, 68)
«Ақжайық» – «Ертіс» – 0:1 (Бугаев, 18)
«Ақтөбе» – «Қайрат» – 1:2 (Шестаков, 50 – Гоу, 29-пенальтиден, Жуков, 77)
Бұл турдағы «Ордабасы» – «Астана» кездесуі 7 тамызға жоспарланғандықтан, «Қайрат» аз күнге болса да чемпиондарға мейлінше жақындауға мүмкіндік алды. Бұл мүмкіндікті алматылықтар сәтті пайдаланды. «Ақтөбемен» кездесу «Қайраттың» жаңа бас бапкері Карлос Феррердің басшылығымен өткен бірінші ойын болатын. Тартысты кездесуді Г.Жуковтың шеберлігі шешті. Ол 77-минутта айып алаңында екі қорғаушыны бірдей алдап, алыс тоғыздыққа тамаша гол соқты. Бұл ойында Ж.Гоу биылғы маусымдағы 15-ші голын соғып, мергендер көшін жеке-дара өзі бастады.
«Тараз» сырт алаңда «Шахтерді» 1:0 есебімен тізе бүктіріп, екі айналым қорытындысы бойынша үздік алтылыққа енді. Маусым басында ғана жасақталған команда осылайша тур сайын ширап келеді. Тараздықтар соңғы төрт кездесуде 10 ұпай жинады.
«Атырау» өз алаңында «Тобылды» жеңді. Ал қостанайлықтардың осы сәтсіздігін «Ертіс» сәтті пайдаланып кетті. «Пентакампеондар» Оралға сапарлап, үш ұпай олжалап қайтты. Бұл матчта Ф.Коронель пенальти соға алмады. Оралдықтардың жеңіссіз матчтар сериясы 12 ойынға жетті. Соңғы рет «Ақжайық» 5 мамырда қарсыласынан басым түскен болатын.
«Оқжетпес» өз алаңында «Қайсарды» еркін жеңіп, төрт матчқа созылған сәтсіздік сериясына нүкте қойды.
Премьер-лига ойындары енді аз үзілістен кейін 12-13 тамыз күндері жалғасады. Кәсіпқой футбол лигасы кеше ІІІ айналым кестесін жариялады. 23-турда «Тараз» – «Ақжайық», «Қайсар» – «Тобыл», «Атырау» – «Ертіс», «Шахтер» – «Ордабасы», «Оқжетпес» – «Қайрат», «Ақтөбе» – «Астана» кездесулері өтеді. Соңғы, 33-тур 5 қарашаға жоспарланған.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар