1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (16246)   1 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
1 тамыз 2017
Ширек ғасырлық жол

Индонезияның Гресик қаласында волейболдан ерлер арасында ХІХ Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы өз тарихында екінші рет жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Азия чемпионаттары 14 рет өткізілсе, біздің құрама соның 11 турниріне тұрақты қатысты (1991, 1997, 2005 жылдары қатысқан жоқ).
Биылғы Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға жолдама алып, ел мерейін бір көтеріп тастады. Соңғы бес жылдағы нәтижеде құрамамыз бесінші орыннан көтерілмеген болатын (2007 – 10-орын; 2009 – 5-орын; 2011 – 9-орын; 2013 – 10-орын; 2015 – 9-орын).
Қазақстан құрамасы алғаш 1993 жылы Таиландтың Накхонратчасима қаласында өткен чемпионатқа қатысып, С тобынан (Оңтүстік Корея, Таиланд, Пәкістан) суырылып шықты. Жартылай финалда отандастарымыз Қытай құрамасын жеңіп, финалда Оңтүстік Кореядан ұтылды (0:3 – 11:15, 5:15, 13:15 – доп айырмасы: 29:45). Осы бір күмістен кейін жүлденің ауылы алыстап кетті. Тек 2005 жылы Филиппиннің Манила қаласында өткен чемпионатта бесінші орынмен шектелдік.
Гресикте өтіп жатқан құрлық сынында Қазақстан құрамасы Е тобында Жапония, Индонезиядан жеңіліп, топтан бір ұпай алып, үшінші орынмен шықты. Ширек финалда Қытайдың Тайпейін 3:0 (25:22, 25:22, 25:23. Доп айырмасы –75:67) есебімен жеңді. Жартылай финалда енді Оңтүстік Корея құрамасымен ойнайды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар