1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16248)   8 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
8 тамыз 2017
«СЕЛТИК» ТАҒЫ ЖОЛЫҚТЫ

Чемпиондар лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде «Астана» Шотландия чемпионы «Селтикпен» кездеседі. Алғашқы ойын 16 тамызда — Глазгода, қарымта кездесу 22 тамызда Астанада өтеді.
«Селтик» 2013 жылы Чемпиондар лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде «Шахтерді» қапы қалдырды:
20.08.2013 ж. «Шахтер» — «Селтик» — 2:0 (Финонченко, 12, Хижниченко, 77)
28.08.2013 ж. «Селтик» — «Шахтер» — 3:0 (Коммонс, 45+1, Самарас, 48, Д.Форрест, 90+2)
Өткен жылы «Селтик» «Астанамен» Чемпиондар лигасының ІІІ іріктеу кезеңінде жолықты:
27.07.2016 ж. «Астана» — «Селтик» — 1:1 (Логвиненко, 19 — Гриффитс, 78)
03.08.2016 ж. «Селтик» — «Астана» — 2:1 (Гриффитс, 45+2-пенальтиден, М.Дембеле, 90+2-пенальтиден — Ибраими, 62)
«Селтик» екі ретте де біздің командалардан бақ асырды. «Шахтерді» де, «Астананы» да қарымта кездесудің соңғы минуттарында соққан гол есебінен жерге қаратты. Биыл «Астана» алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізеді. Демек, «Селтикпен» арадағы сәтсіздікке түзету енгізуге мүмкіндік бар.
Қазақстан клубтарының еурокубоктарда кельттерді қапы қалдырған сәті жоқ емес. 2015 жылы Еуропа лигасының ІІІ іріктеу кезеңінде «Қайрат» «Абердинді» 2:1 және 1:1 есептерімен жеңді.
«Селтик» биылғы Чемпиондар лигасының іріктеуіне екінші кезеңнен қатысып келе жатыр. Бұл кезеңде «кельттер» Солтүстік Ирландия чемпионы «Линфилд» командасын 2:0 және 4:0 есептерімен еркін жеңді. ІІІ іріктеу кезеңінде «Русенборг» (Норвегия) қатты қарсылық көрсетті. Өз алаңында «Селтик» жеңе алмады – 0:0. Сырт алаңдағы қарымта матчта Форрестің (69-минут) соққан жалғыз голы Шотландия чемпионын плей-оффқа алып шықты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар